Әз Наурыз - КазНТОБ имени Абая
28.03.2026

Әз Наурыз

Әз Наурыз

27 наурыз – Халықаралық театр күні ARTE галереясында өткен «ТӨРЛЕТ – ӘЗ НАУРЫЗ» концерті әртістер мен көрермендер үшін қазақ халқының мәдени мұрасымен қауыштырған ерекше әрі ұмытылмас кешке айналды.

Кеш бағдарламасы көрермен жүрегін баурап алды: Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди, Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Сыдық Мұхамеджанов, Манарбек Ержанов, Еркеғали Рахмадиев және Александр Затаевич сынды ұлы композиторлардың шығармаларынан ариялар мен дуэттер орындалды. Халық рухы мен көктемгі жаңару сезіміне толы әндер нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады!

Сахнада Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солистері өнер көрсетті: Азиза Абдреймова, Айдана Сатыбаева, Амина Рахимжанова, Диляра Дүйсекеева, Ерулан Камел, Ислам Хамзаев және Төлеген Рахымбаев – олардың орындауы әрбір аккорд пен сөзге шынайы эмоцияны сыйғыза білді.

Әрине, концертмейстер Жанар Ахметованың еңбегі ерекше – оның шеберлігі мен дәлдігі әрбір шығарманы толықтырып, көркемдік деңгейін арттырды.

Мерекелік атмосфера, жарқын костюмдер, көрермендердің ерекше әсері – мұның бәрі кешті шын мәнінде әсем етті!

Біз сіздерді әрдайым спектакльдеріміз бен концерттерімізде күтеміз!

Барлық жаңалықтар

Байланыс

Сатып алулар және комплаенс

Тіл таңдау