Опера
Трубадур 30 сәуір 2026, 19:00
Сипаттама
Дж. Вердидің «Трубадур» операсы — өткеннің қасіретті құпиясы кейіпкерлерді трагедиялық шешімге сөзсіз алып баратын махаббат, қызғаныш пен кек туралы хикая. Оқиғаның шапшаң өрбуі, мінезі қуатты кейіпкерлер, ширыққан драматургия мен эмоциялық қуаты зор музыка бұл қойылымды шын мәнінде тартымды етіп, көрермен көңілінде терең әсер қалдырады.
Дж. Верди
Трубадур
8 көрініс бар 3 бөлімді опера
С. Каммараноның либреттосы
Г. Гутьерастың «Трубадур» трагедиясы негізінде
Оқиға Испанияда XV ғасырдың басында өрбиді
ҚазҰОБТ-дағы премьерасы 2006 жылғы 31.01. күні өтті
Қойылым тобы:
Режиссер – Иркин Габитов (Санкт-Петербург қ.)
Суретші-сценограф – Владимир Окунев (Санкт-Петербург қ.)
Қоюшы-суретші – Ольга Шаишмелашвили (Санкт-Петербург қ.)
Жарық бойынша суретші – Дамир Исмагилов (Мәскеу қ.)
Бас хормейстер – Әлия Темірбекова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Қатысушылар
- Граф ди Луна, арагондық жас аристократ
- Леонора, Арагон ханшайымының фрейлинасы
- Манрико, Бискайя ханзадасының қолбасшысы, трубадур
- Азучена, бискайялық сыған әйел
- Феррандо, граф күзетінің басшысы
- Инес, Леонораның құрбысы
- Рюиц, Манриконың досы
- Егде жастағы сыған
- Хабаршы
Бірінші бөлім
Бірінші көрініс
Альяфери сарайының алдындағы алаң. Күзет басшысы Феррандо мен графтың жауынгерлері қақпа алдында жайғасады. Феррандо граф ди Лунаның сарбаздарына бір отбасының оқиғасын айтып береді. Қарт графтың екі ұлы болады. Жиырма жыл бұрын, кіші ұлы әлі сәби кезінде, бесігінің жанынан асыраушысы бір сыған әйелдің баланы дуалап тұрғанын көреді. Сол жағдайдан кейін сәби жүдеп, сола бастайды. Сыған кемпірді ұстап алып, өртеп жібереді. Бірақ оның қызы Азучена шешесінің кегі үшін нәрестені ұрлап әкетеді. Сыған әйелді өртеген орыннан жас баланың күйген сүйектері табылады. Жас сыған қызды аңду басталады. Осыдан кейін сыған кемпірдің аруағы кездескен адамдарға жапалақ кейпінде көрініп, үрей туғызады. Феррандоның ырымшыл тыңдармандарын қорқыныш билейді.
Екінші көрініс
Сарайдың саялы бағындағы айлы түн. Леонора өзінің құрбысы Инеске бейтаныс рыцарьға ғашық екенін айтады. Бір кезде жарыстың жеңімпазы ретінде оны марапаттаған, бірақ жас жігіт кейін соғысқа кетіп, оралмаған.
Содан бері ол жігітті түсінде жиі көреді. Күтпеген жерден… өткен түні жігіт ханшайымның терезесінің алдына келіп, серенада айтады. Инес Леонораны бұл ынтық сезімнен сақ болуға шақырады, бірақ бәрі бекер — Леонораның жүрегі мәңгілік бейтаныс трубадурдікі.
Леонора трубадурдың әнін естиді. Ол баспалдаққа қарай жүгіре бергенде, абайсызда граф ди Лунаның құшағына құлайды. Осы сәтте ай жарығында трубадур әншінің сымбаты көрінеді. Бойын қызғаныш билеген граф қарсыласын жекпе-жекке шақырады. Рыцарь дулығасының қалқанын көтергенде, граф өзінің бұрынғы жауы Манриконы таниды. Леонора қантөгісті тоқтатпақ болып, араларына түседі. Леонора графтан рыцарьға рақым етуін сұрайды. Жараланған Манриконың құлағанын көріп, Леонора есінен танып қалады.
Үшінші көрініс
Бискайя тауының бөктеріндегі алқап. Таң атып келеді. Сыған таборы. Азучена өз шешесінің өртелгенін көрген сол зұлмат күнді еске алады. Сығандар азық-түлік іздеуге кетеді.
Ұлымен оңаша қалғанда Азучена Манрикоға өзінің басынан өткен оқиғасын айтады. Сыған әйел граф ди Лунаның кіші ұлын қалай ұрлағанын және дәл сол ұлды отқа лақтырамын деп, өз баласын қателесіп лақтырып жібергенін толқып баяндайды. Сонымен, Манрико өзінің қарсыласы граф ди Лунаның туған бауыры болып шығады. Манрико таң қалады. Ол жуырда графпен болған жекпе-жегі туралы айтады. Сол кезде Манрико қарусыз графты жерге жыққанымен, қандай да бір тылсым күш қолын ұстап қалып, графтың өмірін сақтап қалған еді. Анасы мен ұлы енді оған ешқандай аяушылық болмайтынына ант береді. Осы сәтте керней үні естіледі. Бискайя ханзадасының бұйрығымен хабаршы келіп, граф ди Лунаның әскерінен Кастеллор қамалын қорғау үшін Манриконы шақырады. Сонымен қатар, Леонора рыцарьды қаза болды деп ойлап, монастырьға кеткелі жатқаны туралы естиді. Азученаның қарсылығына қарамастан, Манрико сүйіктісін қорғауға асығады.
Екінші бөлім
Төртінші көрініс
Кастеллордағы монастырь. Түн. Граф жамылғы жамылған бірнеше нөкерімен монахтық ант қабылдағалы тұрған Леонораны ұрламақшы. Рәсімнің басталуын хабарлайтын қоңырау үні естіледі. Граф абыржып, Леонора келетін жаққа үңіле қарайды. Монах әйелдер кіре бастаған кезде граф ди Луна Леонораның жолын бөгеп, алтарь алдына барып, өзімен некелесуін талап етеді.
Леонораның енді құтылмасы анық… Бірақ күтпеген жерден Манрико келеді, оның қуанышында шек жоқ. Көп кешікпей оған өз адамдары — Рюиц жауынгерлерімен қосылады. Екі жасақ арасында шайқас басталады. Граф ди Луна қарусыздандырылып, шеттетіледі. Манрико Леонораны алып кетеді.
Бесінші көрініс
Граф ди Лунаның әскери лагері. Шулаған дауыстар естіледі: жауынгерлер Азученаны ұстап әкелді. Кім екенін білгісі келген графтың сұрағына сыған әйел жауап бермейді. Қарт жауынгер Феррандо одан бірнеше жыл бұрын графтың кішкентай інісін отқа лақтырған әйелді таниды. Шарасыздан Азучена Манриконы көмекке шақырады. Графтың кемпірді жек көруінің екі себебі бар: ол оның бауырын өлтірді және ол оның қарсыласының шешесі. Ол кек алатынына ант береді. Графтың белгісімен жауынгерлер сыған әйелді алып кетеді.
Алтыншы көрініс
Сарай. Манрико екі маңызды оқиғаға дайындалып жатыр: бірі — граф ди Лунаның әскеріне қарсы алдағы шайқас, екіншісі — Леонорамен үйлену. Ентіккен Рюиц жүгіріп кіреді. Ол графтың жауынгерлері Азученаны ұстағанын және оны өртеу үшін от жағып жатқанын жеткізеді. Манрико анасын тез арада құтқару үшін серіктерін көмекке шақырады.
Үшінші бөлім
Жетінші көрініс
Қараңғы түн. Альяфери бекінісінің түрме мұнарасына екі адам жақындап келеді: бұл Леонора мен Рюиц. Леонора Манрикодан айырылып қалғанына қатты қайғырады. Манрико шайқас кезінде ұсталып, енді өлім жазасына кесілуі тиіс.
Граф келеді. Леонора одан сүйіктісін жазаламауын сұрап, Манриконың орнына өз жанын құрбан етуге дайын екенін айтады. Қуанған граф бұл шартқа келіседі.
Леонора абақтының есігін ашуды талап етеді. Бір сәтте, осы аралықта Леонора у ішіп үлгереді, граф Манриконы босатқанын айтады. Леонораның қуанышында шек жоқ: ол Манриконы құтқарды, ол өмір сүреді! Граф та қуанышты. Бірақ Леонора ешқашан өзі жек көретін адаммен бірге болмайды.
Сегізінші көрініс
Түңеріңкі абақты. Жарықшамның сәулесі болар-болмас жанып тұр. Хал үстінде жатқан Азученаға Манрико қамқорлықпен күтім жасап отыр. Ол таудағы үйлеріне әлі де оралатындарын айтып әндетеді.
Леонора келіп, Манриконы қашуға көндіруге тырысады. Леонора оның бостандығы үшін графпен некеге тұруға келіскенін сезген Манрико қатты ашуланады. Осы сәтте удың күші әсер ете бастайды, Манрико не болғанын түсінеді.
Леонора көз жұмады. Граф ди Луна Манриконың құшағында жатқан өлі Леонораны көреді. Ол өзі сүйген әйелдің одан құтылу үшін өмірімен қош айтысқанын түсінеді.
Қатты ашуланған граф Манриконы дереу жазалауды бұйырады да, ұлының өлімін көрсету үшін Азученаны терезеге қарай итереді. Сыған әйел өшпенділікпен: «Ол сенің туған бауырың болған!» — деп, ащы шындықты бетіне басады. Азученаның кегі орындалды…

Қатысушылар мен орындаушылар
(30 сәуір 2026, 19:00)
- Граф ди Луна Эмиль Сакавов
- Леонора Гүлзат Дәуірбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
- Манрико, трубадур Фарид Алиев, Әзербайжан Республикасының еңбек сіңірген әртісі
- Азучена, сыған әйел Лаура Хаке Бустаманте, Мариин театры Приморская сахнасының солисі (Владивосток)
- Феррандо, граф күзетінің басшысы Таир Тәжі
- Инесс, Леонораның құрбысы Әмина Рахимжанова, алғашқы орындауы
- Рюиц, Манриконың досы Асқар Рысбек, алғашқы орындауы
- Егде сыған Бекзат Әбитов, алғашқы орындауы
- Хабаршы Асқар Рысбек, алғашқы орындауы
-
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі және хоры
- Бас дирижер – Нұржан Байбосынов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
- Қоюшы-режиссер – Иркин Габитов, (Санкт-Петербург қ.), Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері
- Суретші-сценограф – Владимир Окунев (Санкт-Петербург қ.)
- Қоюшы-суретші – Ольга Шаишмелашвили (Санкт-Петербург қ.)
- Жарық суретшісі – Дамир Исмагилов (Мәскеу қ.)