Томирис Акын жас хореографтардың «Мария» халықаралық байқауында үш марапатқа ие болды - КазНТОБ имени Абая
14.04.2026

Томирис Акын жас хореографтардың «Мария» халықаралық байқауында үш марапатқа ие болды

Томирис Акын жас хореографтардың «Мария» халықаралық байқауында үш марапатқа ие болды

Құрметті достар! Сіздермен жағымды жаңалықпен бөлісуге қуаныштымыз.

2026 жылғы 13 сәуірде Ростислав Владимирович Захаров атындағы «Мария» XVII Халықаралық жас хореографтар байқауы өз мәресіне жетті. ГИТИС театры сахнасында лауреаттарды марапаттау салтанаты мен байқаудың үздік нөмірлері ұсынылған гала-концерт өтті.

Биылғы «Мария» байқауы Ресей мен Қазақстаннан келген қатысушыларды біріктіріп, екі күн ішінде 72 номер ұсынылды.

Томирис Ақын — Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры балет әртісі (Гүлжан Түткібаева шеберханасы) үш бірдей марапаттың иегері атанды:

— II дәрежелі лауреат

— Классикалық би дәстүрін сақтағаны үшін диплом

— Григорий Заславский атындағы арнайы сыйлық

Томирис Ақынды және Гүлжан Усамбекқызы Түткібаеваны жоғары марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға шығармашылық шабыт пен жаңа биік белестер тілейміз!

Барлық жаңалықтар

Байланыс

Сатып алулар және комплаенс

Тіл таңдау