Халықаралық би күні - КазНТОБ имени Абая
29.04.2026

Халықаралық би күні

Халықаралық би күні

Жыл сайын 29 сәуірде бүкіл әлемдік қоғамдастық адамзаттың ең шынайы әрі сырлы өнері — Халықаралық би күнін атап өтеді. Бұл айтулы күн тарихқа «заманауи балеттің атасы» ретінде енген ұлы француз балетмейстері, хореография өнерінің реформаторы әрі теоретигі Жан-Жорж Новеррдің туған күніне орай белгіленген.

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры үшін бұл мерекенің орны бөлек. Би — біздің сахнамыздың жаны, ұлтына, мәдениетіне қарамастан адамзат баласын достық пен бейбітшілікке үндейтін, шекара танымайтын әмбебап тіл. Көне дәуірлердегі қасиетті ритуалдардан бастау алған би өнері бүгінде биік эстетика мен кәсіби шеберліктің шыңына айналды.

ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық би кеңесінің (CID) бастамасымен 1982 жылдан бері тойланып келе жатқан бұл күн — өнердің құдіретін ұлықтаудың таптырмас мүмкіндігі.

Театрымыздың балет труппасын, хореографтар мен ұстаздарды және барша би өнерінің сүйер қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

Сіздерге сарқылмас шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз.

Барлық жаңалықтар

Байланыс

Сатып алулар және комплаенс

Тіл таңдау