КазҰОБТ солисті Адия Манабасова балет өнерінің Стамбұлдағы Гран-приін жеңіп алды - КазНТОБ имени Абая
02.06.2026

КазҰОБТ солисті Адия Манабасова балет өнерінің Стамбұлдағы Гран-приін жеңіп алды

КазҰОБТ солисті Адия Манабасова балет өнерінің Стамбұлдағы Гран-приін жеңіп алды

Ыстамбұлдағы триумф: театрымыздың солисі Әдия Манабасова Халықаралық балет әртістері байқауының І жүлде иегері атанды!

Балет труппамыздың солисі Әдия Манабасова VII Ыстамбұл халықаралық балет байқауына қатысып, үлкен топта І орынды иеленгенін мақтанышпен хабарлаймыз!

Түркияның Мемлекеттік опера және балет театры ұйымдастырған және белгілі әртіс Тан Сагтүрктің төрағалығымен өткен бұл байқау бір апта бойы әлемдік балет өнерінің көрнекті қайраткерлері мен жаңадан өсіп келе жатқан жұлдыздарының басын қосқан басты шараға айналды. Дүниежүзінен жиналған жас дарындар халықаралық қазылар алқасының жіті бақылауымен жартылай финал мен финалдың күрделі кезеңдерінен өтіп, техникалық шеберлік пен көркемдік интерпретация бойынша өзара бақ сынасты.

Жарыс барысында Әдия Манабасова жоғары академиялық дайындық пен артистік шеберлік деңгейін көрсетті. Ол үлкен санатта лайықты түрде үздік атанып, біздің балет мектебіміздің халықаралық аренадағы жоғары мәртебесін дәлелдеді.

Әдияны және оның педагогтары мен бүкіл балет труппасын осынау зор марапатпен шын жүректен құттықтаймыз!

Әдияға сарқылмас шығармашылық шабыт, жаңа кәсіби биіктерді бағындыруды, мықты денсаулық және туған сахнамыз бен шетелдерде жарқын әрі ұмытылмас рөлдерді көптеп сомдауын тілейміз! Біз сіздерді мақтан тұтамыз!

Барлық жаңалықтар

Байланыс

Сатып алулар және комплаенс

Тіл таңдау