Операдағы түндер
Құрметті көрермендер!
Сіздерді ғажайып «Опера түні» шақырады!
Театрдың 92-ші маусымының аяқталуының қарсаңында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры сіздерге музыка, сұлулық және сиқырға толы екі «Опера түнін» сыйлайды.
25 маусым күні Театр алаңында аспан астындағы ауқымды Open-Air концерті өтеді. Осынау кеште театр алдындағы алаң зәулім сахнаға айналып, онда симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен операның жетекші солистері мен хор ұжымы өнер көрсетеді. Жұлдызды аспан астында әлемдік және ұлттық классиканың үздік шығармалары шырқалып, музыка мен шабыт салтанат құратын ерекше мерекелік көңіл қалыптасады.
26 маусымда театр өнер әлеміне ерекше түнгі саяхат жасау үшін өз есігін ашады. Бұл шара аясында театр өзінің тылсым құпияларын ашып, көрерменге жаңа қырынан танылады. Сіздерді сахна сыртындағы таңғажайып жаңалықтар мен ұлы қойылымдар дүниеге келетін орынмен танысу мүмкіндігі күтеді.
Музыка кеш бойы театрдың барлық бөліктерін біртұтас әсерлер симфониясына біріктірентін үзілмес серік болады. Сүйікті артистердің дауыстары мен ескірмес әуендер ғимараттың әр бұрышын тебіреніске бөлеп, өнер мен сұлулықтың тірі әлеміне айналады.
Сенім мен жылылыққа толы көңілде үлкен сахнаның құпиясына қанығып, театр пердесінің арғы жағына — нағыз өнер сиқыры бастау алатын шабыт мекеніне саяхат жасай аласыздар.
Маусымның осы екі түнінде ғана театрда сахна мен көрермен залы арасындағы шекара жойылып, әрбір қонақ ұлы өнердің ажырамас бөлігіне айналмақ.
Өзіңізге тамаша әсер сыйлаңыз. Ғажайып «Опера түндерін» бізбен бірге өткізіңіз!
Сіздерді:
25 маусым күні 20:00-де театр алаңында
26 маусым күні 21:00 және 22:00-де ARTE галереясында күтеміз!