Ақбала - КазНТОБ имени Абая
Ақбала - Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры
Балет

Ақбала

Сипаттама

Құрметті достар!

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жаңа 93-маусымы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» роман-эпопеясының желісімен қойылған «Ақбала» 2 актілі балетінің премьерасымен ашылады.

12–13 қыркүйек

Бұл — жай ғана сахналық қойылым емес, заман ырқы мен Арал трагедиясы тоғысқан, адам жанының арпалысын баяндайтын терең драма. Суретші бейнелеген афишаның әр деталы тұнған символизмнен тұрады:

Аралдың толқынына сіңіп бара жатқан шаш — кейіпкердің жан айқайы мен нәзіктігін, солып бара жатқан өмірдің қасіретін бейнелейді.

Драманың ортасындағы ақ пен қызыл таспа өрілген бесік — сәбилерге деген кіршіксіз естелік пен Еламан мен Тәңірбергендей екі әкені екі жағалауға лақтырған дәуір бұлыңғырының мұңды белгісі.

Жоғарыдағы көкек сұлбасы — ойрандалған шаңырақ пен сөнген ошақ отының символы.

Бұл қойылым — тағдыр тәлкегі мен азапқа толы таңдаудан, уақыт соқпағынан мұқалмай өткен Ана махаббатының ізгі манифесі.

Қойылымның бас демеушісі: Тимур Құлыбаевтың «Halyk» қайырымдылық қоры

Толығырақ

Қатысушылар мен орындаушылар

Тізім ресми күнімен бірге жарияланады
  • Билет сату әзірше жабық. Біздің жаңартуларды қадағалаңыз

  • Күні

    Кейінірек аталады

  • Жанр/Формат

    Екі актілі балет

  • Ұзақтығы

    1 сағат 20 минут

  • Жас шектеулері 5+

Байланыс

Сатып алулар және комплаенс

Тіл таңдау