Балет
Ақбала 12 қыркүйек 2026, 18:00
Сипаттама
Мұрағат
Құрметті достар!
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жаңа 93-маусымы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» роман-эпопеясының желісімен қойылған «Ақбала» 2 актілі балетінің премьерасымен ашылады.
12–13 қыркүйек
Бұл — жай ғана сахналық қойылым емес, заман ырқы мен Арал трагедиясы тоғысқан, адам жанының арпалысын баяндайтын терең драма. Суретші бейнелеген афишаның әр деталы тұнған символизмнен тұрады:
Аралдың толқынына сіңіп бара жатқан шаш — кейіпкердің жан айқайы мен нәзіктігін, солып бара жатқан өмірдің қасіретін бейнелейді.
Драманың ортасындағы ақ пен қызыл таспа өрілген бесік — сәбилерге деген кіршіксіз естелік пен Еламан мен Тәңірбергендей екі әкені екі жағалауға лақтырған дәуір бұлыңғырының мұңды белгісі.
Жоғарыдағы көкек сұлбасы — ойрандалған шаңырақ пен сөнген ошақ отының символы.
Бұл қойылым — тағдыр тәлкегі мен азапқа толы таңдаудан, уақыт соқпағынан мұқалмай өткен Ана махаббатының ізгі манифесі.
Қойылымның бас демеушісі: Тимур Құлыбаевтың «Halyk» қайырымдылық қоры
Аружан Октябрь
«АҚБАЛА»
2 актілі балет спектаклі
Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясының желісі бойынша жазылған
Қойылым тобы:
Қоюшы-хореограф – Аршак Галумян (Германия)
Либретто авторы – Шынар Омарова
Қоюшы-дирижер – Нұржан Байбосынов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Бас хормейстер – Әлия Темірбекова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Сценограф – Элеонора Перонетти (Италия)
Хореограф ассистенті – Томас Клейн (Германия)
Жарық бойынша суретші – Татьяна Мишина (Ресей)
Костюм бойынша суретші – Азиза Саимова
Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Гүлжан Түткібаева, Қазақстанның Халық әртісі
Қатысушылар
- Ақбала
- Еламан
- Тәңірберген
- Судыр Ахмет, балықшы
- Қарақатын, Достың әйелі
- Тәңірбергеннің бәйбішесі
- Федоров, «Аралпромсолінің» қожайыны
- Дос, Еламанның досы, балықшы
- Сүйеу қарт, Ақбаланың әкесі
Бірінші акт
Дәулетті де мырза жігіт Тәңірберген сұлу бойжеткен Ақбаламен көңілі жарасып, ауыл сыртында жиі кездесіп жүреді. Ақбала – әділ, тура сөйлейтін, мінезі қиқар Сүйеу қарттың қызы. Сүйеу жас кезінде досы Науанмен бесік құда болуға сөз байласқан. Еламанның әкесі – Науан біраз жыл бұрын дүние салса да, Сүйеу қарт уәдесінде тұрып Ақбаланы Еламанға қосады. Тәңірбергеннің де өзіне лайық жерден атастырылған қалыңдығы бар еді. Ақбала Тәңірбергенге деген махаббатына тұншығып тұрса да, амалсыз қатал әкенің қабағынан қаймығып, салт-дәстүрден аттай алмай Еламанға еріксіз күйеуге шығады. Ол әке-шешесінің аялап отырған жалғызы еді.
Еламан сұлу да кербез Ақбаланы Арал теңізінің жағасындағы балықшылар ауылына келін қылып түсіріп, ауыл шетіндегі ескі үйді пана қылды. Еламанның Ақбалаға деген құмарлығы күн өткен сайын артып, жанына жақын тарта түседі. Күні бойы балық аулап, қажып келсе де, Ақбалаға ауыр болмасын деп үй шаруасына үнемі қолғабыс жасайды. Алайда Ақбаланың сынық көңілін, салқын қабағын көргенде, Еламан «теңіз жағасын жерсінбей жүр-ау» деп өзін-өзі жұбатады. Шын мәнінде, Ақбаланың көңілі Тәңірбергенді іздейтін. Ақбаланың аяғы ауыр болғалы қуанышында шек жоқ Еламан теңізден үйіне жеткенше асығатын.
Бір күні Еламан балық аулауға теңізге кеткенде Тәңірберген Ақбаланы іздеп келеді. Балықшы Достың әйелі – Қарақатын Еламанның үйінің жанында аттан түсіп жатқан Тәңірбергенді көріп, бұл жаңалықты енесіне, күйеуіне және көршілеріне жеткізуге асығады. Алайда ел ішінде сыйлы, абыройлы отбасы болғандықтан, ешкім Қарақатынның өсегіне сенбейді. Өйткені Ақбала мен Еламан бұл ауылға сыйлы отбасы. Сонымен қатар ауыл адамдары сұлу да кербез Ақбаланы ондай жел сөзге қимайды. Таңмен теңізге кеткен Еламан аулаған балығын арқалап, үйіндегі екіқабат келіншегі Ақбаланы ойлап асығып келсе, есік алдында Тәңірбергеннің жүйрік торы аты байлаулы тұр. Өне бойын қызғаныш кернеп, ашуға булықса да, сүйікті әйелі үшін сабыр сақтап, үйге қарай адымдайды. Ішке кіргенде Ақбаланың қонағына шай ұсынып, ерекше көңілді, жүзі бал-бұл жанып отырғанын көреді. Еламан әйелінің көңілі үшін Тәңірбергенді құдайы қонақ ретінде сыйлап, шыдамдылық танытып шығарып салады. Тәңірберген кетісімен Ақбаланың көңілін қайтадан мұң басып, Еламанмен арасында салқындық орнайды.
Күн райы бұзылып, дауыл соққанына қарамастан, әлі мұз қатып үлгермеген теңізден балық аулауға «Аралпромсолінің» қожайыны атанған Федоров бұйрық береді. Балықшылар қарсылық білдіргенімен, ол ашуға мінсе, ау құралынан айырылып, аш қалатындарынан қорыққаннан амалсыз көнеді. Федоров жалдамалы балықшыларды адам құрлы көрмей, ұрып-соғып жұмсайтын. Теңізге шығуға жиналған Еламанды Ақбала жібергісі келмейді. Әлденеден қорқатынын айтып, қатты алаңдайды. Еламан айы-күні жетіп отырған аяғы ауыр әйелінің қасында қалғысы келсе де, жұмыстан айырылып, нәпақасыз қалудан қорқып, балықшылармен бірге теңізге шығуға мәжбүр болады.
Теңіз беттен соққан дауылдың екпінінен мұз жарылып, балықшылар ашық теңіздегі жөңкіген мұз үстінде ығып кетеді. Түні бойы өлім мен өмір арасындағы арпалыс басталады. Сықырлап, тігісі сөгілген мұз үстінде қажыған, бет-аузын үсік шалған балықшылар үлкен шығынға ұшырайды. Қайтып оралғанда балықшылардың өлі-тірісін сұрамай, ау құралын түгендеген орыс саудагері Федоровты Еламан сүйменмен ұрып өлтіреді.
Ақбала түнімен оралмаған Еламанды іздеуге теңізге бет алады. Дауылдың екпіні адымын аштырмай, үйдің жанындағы күртік қарға құлайды. Көршілер жүгіріп көмекке келеді. Ақбала сол күні Еламанның ұлын мерзімінен бұрын босанады. Еламан Федоровтың өлімінен кейін сотталып кетеді. Ақбала қараңғы, суық үйде жаңа туған нәрестесімен жалғыз қалады.
Екінші акт
Ақбала жаңа туған нәрестемен есігінен жел үрлеген қараңғы үйде жалғыз қалып, торығып шаршайды. Оның Еламанға деген реніші басым еді. «Егер сол күні менің тілімді алып, балық аулауға бармаса, адам өлтіріп, түрмеге түспейтін еді. Ол біздің жағдайымызды ойламады», – деп қапаланады. Осылай жалғызсырап отырғанда оның есігін Тәңірберген қағады. Әбден жалғыздықтан шаршаған Ақбала емізулі баласын да ұмытып, Тәңірбергеннің құшағына құлайды. Сағынысқан ғашықтар, айқасқан құшақтар мауқын басады. Ол Ақбаланың құшағынан әзер босап, таңертең ел тұрмастан аттанып кетеді.
Тәңірберген Еламанның ауылындағы еңбекке қыры жоқ, бос кеуде Судыр Ахметті Ақбала мен екеуінің арасына хабаршы қылып ұстайды. Оған міндетін жақсы атқарса, астына ат мінгіземін деп уәде береді. Судыр Ахмет Ақбаланы арбап, Еламан қайтыс болыпты деген жалған хабар таратуға дейін барады. Онымен қоймай, оны баласын ауылдағы ата-анасына апарып тастауға көндіреді. Сүйеу қарт немересін өз қолына алады. Басы босаған Ақбала Тәңірбергеннің тоқалы болуға келісім беріп, онымен түн жамылып қашады.
Ақбаланың тоқал болып келуі Тәңірбергеннің бәйбішесінің ашу-ызасын тудырады. Еламанның шаңырағын ортасына түсіріп, тоқалдыққа келіскен Ақбаланың ісіне әкесі Сүйеу қарт та ашулы еді. Бірақ Тәңірбергеннің Ақбалаға деген махаббаты маздамаса, өшпейді. Олардың бақытты сәттері жалғаса береді.
Ақбала Тәңірбергеннен бала сүйген соң, оны ата-анасын шақырып, батасын алуға көндіреді. Тәңірберген Ақбаланың әкесін шақыру үшін арнайы адам жібереді. Алайда Сүйеу қарт Тәңірбергеннің шабарманын қамшының астына алып, қан-жоса қылып қуып жібереді. Бұған қатты ашуланған Тәңірбергеннің көңілі суып, Ақбала қатты мұңаяды. Сол күннен бастап Тәңірберген Ақбалаға салқын қабақ таныта бастайды. Бір күні Ақбала ренішін білдіргенде, Тәңірберген оған: «Жолың ашық, кете бер», – дейді. Мұны естіген бәйбіше сол күні-ақ Ақбаланың Тәңірбергеннен туған баласын тартып алып, өзін отаудан қуып шығады. Ақбала балық таситын кірешілерге еріп, Шалқар қаласына келеді.
Еламан түрмеден босап, елге оралады. Оны Дос пен Қарақатын қуана қарсы алады. Басынан өткен ауыр сынақтардан Еламан шыңдалып, еркіндік пен әділдік жолында күрескен, халықтың сөзін сөйлейтін қайраткерге айналады.
Ақбала ар азабын тартады. Бауырына біткен өзінің екі баласын құшағына еркін қыса алмай, бөгденің шаңырағын паналап өтеді. Ақбала Еламан мен Тәңірбергеннің арасындағы өмірін ой елегінен өткізеді. Ар алдында ақтала алмайды. Өмірден баз кешеді.

Қатысушылар мен орындаушылар
(12 қыркүйек 2026, 18:00)
- Либретто авторы Шынар Омарова
- Қоюшы хореограф Аршак Галумян (Германия)
- Композитор Аружан Октябрь
- Хореограф-қоюшы Аршак Галумян (Германия)
- Дирижер-қоюшы Нұржан Байбусинов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
- Либретто авторы Шынар Омарова
- Бас хормейстер Әлия Темірбекова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
- Сценограф Элеонора Перонетти (Италия)
- Хореограф ассистенті Томас Клейн (Германия)
- Сценограф ассистентi Валерия Ваго (Италия)
- Жарық суретшісі Татьяна Мишина (Ресей)
- Костюм суретшісі Азиза Саимова
- Балет труппасының көркемдік жетекшісі Гүлжан Түткебаева, Қазақстанның халық әртісі
-
Бас партиялар мен жаппай сахналарда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры балет труппасының жетекші солистері мен артистері өнер көрсетеді.