Ақбала - КазНТОБ имени Абая
Ақбала - Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры
Балет

Ақбала 13 қыркүйек 2026, 18:00

Сипаттама

Құрметті достар!

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жаңа 93-маусымы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» роман-эпопеясының желісімен қойылған «Ақбала» 2 актілі балетінің премьерасымен ашылады.

12–13 қыркүйек

Бұл — жай ғана сахналық қойылым емес, заман ырқы мен Арал трагедиясы тоғысқан, адам жанының арпалысын баяндайтын терең драма. Суретші бейнелеген афишаның әр деталы тұнған символизмнен тұрады:

Аралдың толқынына сіңіп бара жатқан шаш — кейіпкердің жан айқайы мен нәзіктігін, солып бара жатқан өмірдің қасіретін бейнелейді.

Драманың ортасындағы ақ пен қызыл таспа өрілген бесік — сәбилерге деген кіршіксіз естелік пен Еламан мен Тәңірбергендей екі әкені екі жағалауға лақтырған дәуір бұлыңғырының мұңды белгісі.

Жоғарыдағы көкек сұлбасы — ойрандалған шаңырақ пен сөнген ошақ отының символы.

Бұл қойылым — тағдыр тәлкегі мен азапқа толы таңдаудан, уақыт соқпағынан мұқалмай өткен Ана махаббатының ізгі манифесі.

Қойылымның бас демеушісі: Тимур Құлыбаевтың «Halyk» қайырымдылық қоры

Толығырақ

Қатысушылар мен орындаушылар

(13 қыркүйек 2026, 18:00)
  • Либретто авторы Шынар Омарова
  • Қоюшы хореограф Аршак Галумян (Германия)
  • Композитор Аружан Октябрь
  • Хореограф-қоюшы Аршак Галумян (Германия)
  • Дирижер-қоюшы Нұржан Байбусинов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  • Либретто авторы Шынар Омарова
  • Бас хормейстер Әлия Темірбекова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  • Сценограф Элеонора Перонетти (Италия)
  • Хореограф ассистенті Томас Клейн (Германия)
  • Сценограф ассистентi Валерия Ваго (Италия)
  • Жарық суретшісі Татьяна Мишина (Ресей)
  • Костюм суретшісі Азиза Саимова
  • Балет труппасының көркемдік жетекшісі Гүлжан Түткебаева, Қазақстанның халық әртісі
  • Бас партиялар мен жаппай сахналарда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры балет труппасының жетекші солистері мен артистері өнер көрсетеді.

Байланыс

Сатып алулар және комплаенс

Тіл таңдау