Балет
Аққу көлі 22 ақпан 2026, 18:00
Сипаттама
Мұрағат
«Аққу көлі» — П. И. Чайковскийдің махаббат, адалдық және жақсылықтың жамандықты жеңуі туралы классикалық балеті.
П. И. Чайковский
Аққу көлі
Либретто В. П. Бегичев пен В. Ф. Гельцердің
2 бөлімді, 4 көріністі балет
ҚазҰОБТ премьерасы 2016 ж. 05.11. өтті
Қойылым тобы:
Балетмейстер — Гүлжан Түткібаева, ҚР Халық артисі
Музыкалық жетекші – Асқар Бөрібаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
Сценограф және костюм бойынша суретші – Вячеслав Окунев, Ресейдің халық суретшісі, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Жарық бойынша суретші – Юлия Каракаева
Кейіпкерлер:
- Одетта — аққулар патшайымы
- Одиллия, Одеттаның сыңары,
Ротбарт зұлым генийдің қызы - Ханзада Зигфрид
- Билеуші ханшайым,
Зигфридтің анасы - Ханзаданың тәлімгері
- Сайқымазақ
- Ротбарт, зұлым гений
- Ханзаданың құрдастары
- Ханзаданың қалыңдықтары
- Кішкентай аққулар
- Үлкен аққулар
Бірінші бөлім
Бірінші көрініс.
Билеуші ханшайымның сарайы алдындағы бақ. Алаңқайда жастар көңіл көтеріп жүр. Ханшайым ұлы ханзада Зигфридке ертеңгі балда қалыңдық таңдауы керектігін хабарлайды. Алайда ананың сөздері ханзаданың жүрегінен орын таппайды.
Ымырт түседі. Зигфрид қиялында сүйе алатын арудың бейнесін елестетеді. Бірақ ол қайда?… Оның назарын тек ұшып бара жатқан аққулар тобы аударады. Зигфрид олардың соңынан еріп кетеді.
Екінші көрініс.
Аққулар Зигфридті қалың орман ішіне, қараңғы көлдің жағасына, қаңырап қалған сарай қирандыларына алып келеді. Жағаға шыққан аққулар баяу хороводқа түседі. Кенет әсем аққу қызға айналып, ханзаданың назарын аударады. Қыз Зигфридке өзінің және құрбыларының басындағы қасіретті сырды ашады: зұлым сиқыршы оларды аққуға айналдырған, тек түнде ғана осы қирандылар маңында адам кейпіне ене алады.
Қайғылы әңгімеге толқыған Зигфрид сиқыршыны өлтіруге дайын екенін айтады. Бірақ Одетта оның сиқыры бұлайша жойылмайтынын түсіндіреді. Тек ешқашан ешкімге махаббат антын бермеген жігіттің шынайы, пәк махаббаты ғана оны қарғыстан құтқара алады. Сезімге бөленген Зигфрид оған мәңгілік адалдық антын береді. Алайда олардың сөзін сарай қирандыларын мекендейтін зұлым гений тыңдап тұрады.
Таң атады. Қыздар қайтадан аққуға айналуға мәжбүр. Зигфрид өз махаббатының күшіне сенімді — ол Одеттаны сиқыршының билігінен құтқарады.
Екінші бөлім
Үшінші көрініс.
Салтанатты бал. Мерекеге әр елден шақырылған қонақтар мен таңдаулы қалыңдықтар жиналады. Ханзада солардың бірін таңдауы тиіс. Бірақ Зигфридтің ойы сұлу Одеттада.
Кенет бейтаныс қонақ келеді. Бұл — зұлым гений. Ол балға Одеттаға айнымай ұқсайтын қызы Одиллианы ертіп келген. Зұлым гений қызға Зигфридті арбауды және одан махаббат туралы уәде алуды бұйырады.
Зигфрид Одиллианы Одетта деп ойлап қалады. Ол анасына соған үйленетінін жариялайды. Сиқыршы жеңісіне масаттанады. Ант бұзылды — енді Одетта мен оның құрбылары қаза табады. Қатыгез күлкімен алыстан көрінген Одеттаны көрсетіп, сиқыршы Одиллиамен бірге ғайып болады.
Алданғанын түсінген Зигфрид үмітсіз күйде Аққу көліне асығады.
Төртінші көрініс.
Аққу көлінің жағасы. Қараңғы, үрейлі түн. Қайғыдан есеңгіреген Одетта құрбыларына Зигфридтің опасыздығын айтып береді. Бостандыққа деген үміттері үзілген.
Зигфрид жүгіріп келеді. Ол антын бұзған жоқ, ол әлі де Одеттаны сүйеді.
Зұлым гений қаһарға мінеді. Ол ғашықтарға қарсы табиғат күштерін шақырады. Дауыл тұрып, найзағай жарқылдайды. Бірақ ештеңе де жас, таза махаббатты жеңе алмайды, Одетта мен Зигфридті айыра алмайды. Ақыры зұлым гений ханзадамен жекпе-жекке шығып, қаза табады. Оның сиқыры жойылады. Одетта мен Зигфрид жаңа атқан күннің алғашқы сәулесін қуанышпен қарсы алады.

Қатысушылар мен орындаушылар
(22 ақпан 2026, 18:00)
- Одетта-Одилия Малика Ельчибаева
- Принц Зигфрид Нельсон Пенья
- Билеуші ханшайым Айгуль Дуйсекова
- Ротбарт, зұлым гений Сырым Аюпов
- Сайқымазақ Каскырбай Ескали
- Ханзаданың тәлімгері Азиз Есенбаев
- Неапольдық қалыңдық Ао Ивасаки
- Венгриялық қалыңдық Риза Таганова
- Поляк қалыңдығы Варвара Пономаренко
- Орыс қалыңдығы Адия Манабасова
- Па-де-труа Ариса Хасимото, Нурай Нурсафина, Данияр Рыскул
- Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі мен балеті
- Бас дирижер Нуржан Байбусинов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері