Балет
Анна Каренина 15 қараша 2026, 18:00
Сипаттама
«Анна Каренина» — Лев Толстойдың аттас романының желісі бойынша Петр Чайковскийдің музыкасына қойылған Борис Эйфманның балеті. Қойылымның өзегінде — парыз, отбасы және жан дүниесін баурап алған алапат махаббат арасында азапты таңдау жасауға мәжбүр болған әйелдің қайғылы тағдыры. Заманауи хореографияның әсерлі тілі адам сезімдерінің тереңдігін, кейіпкерлердің ішкі қайшылықтарын және қоғамның қалыптасқан қағидаларына қарсы шыққан махаббаттың күйретуші күшін ашады.
П. И. Чайковский
Анна Каренина
П. И. Чайковскийдің музыкасына қойылған Б. Эйфманның балеті
Л. Н. Толстойдың «Анна Каренина» шығармасы бойынша
Қойылымдық топ
Қоюшы-балетмейстер – Борис Эйфман, Ресейдің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының иегері (Санкт-Петербург қ.)
Сценограф – Зиновий Марголин
Костюм дизайнері – Вячеслав Окунев, Ресейдің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтарының иегері
Жарықтандырушы дизайнер – Алексей Донде
Балетмейстердің ассистенттері – Ольга Калмыкова, Олег Парадник
Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Гүлжан Түткібаева, ҚР халық әртісі
Қатысушылар
- Анна Каренина
- Вронский
- Каренин
- Кити
- Серёжа Каренин
«Балет – бұл ішкі сезімді ұғыну мүмкіндігі және психологиялық драмаларды ерекше жүзеге асыру. Әр жаңа спектакль – бұл тұңғиық дүние. «Анна Каренина» романы мені әрқашан қызықтыратын. Толстойды оқи отырып, автордың өз кейіпкерлерінің психологиялық дүниесін, Ресей тұрмысының бейнесін анық әрі нақты, ерекше түсінетіндігін сезінесің. «Анна Каренина» романында кейіпкердің тек психологиялық дүниесін түсіну ғана емес, сонымен қатар оның жеке тұлға ретіндегі психоэротикалық болмысын ұғыну да бар. Қазіргі заман әдебиетінде де біз осыншалық құштарлықты кездестіре алмаймыз. Қиял, метаморфоз. Бұның бәрі менің хореографиялық толғанысымның өзегіне айналды.
Отағасының мемлекеттік қызметі мен зиялы қауым шарттарын қатаң сақтайтын Карениндердің бірқалыпты тіршілігі жалған жарасымды өмір елесін тудыратын.
Аннаның Вронскийге деген ынтық сезімі тыныш өмірін бұзды. Ғашықтардың шынайы сезімдерін жасырмауын көпшілік қабылдамады. Карениннің екіжүзділігі Аннадан басқалардың бәріне қолайлы еді. Анна баласының алдындағы аналық борышынан гөрі сүйіктісіне деген шексіз сезімін артық көрді. Ол шеттетілген адамның кейпін киді. Саяхаттарда да, үйреншікті ақсүйектер сауық кештерінде де бақыт таппады. Сезімге толы қатынастың тұтқынына айналған әйелдің аянышты халі байқалатын. Бұл тәуелділік – бақытсыздық пен дерттің бір түрі іспетті. Өзінің азапты да мағынасыз өмірін тоқтату үшін Анна өз-өзіне қол жұмсайды. Мен үшін Анна – екіұдай бейне. Себебі сырт көзге ол Каренинге, баласына және айналасындағыларға белгілі ақсүйек ханым болса, екінші жағынан, құмарлық әлеміне енген әйел еді.
Қайсысы маңыздырақ – көпшілік мақұлдаған парыз бен сезімнің жалған үйлесімін сақтау ма, әлде шынайы ынтық сезімге бағыну ма?.. Ессіз сезім үшін баланы ана махаббатынан айыруға, отбасын бұзуға біздің құқымыз бар ма?..
Толстойға осы ойлар бұрын да маза бермеген, бұл сұрақтардан бүгінде де қашып құтыла алмаймыз. Және жауап жоқ! Өмірде де, өлімде де түсінсе екен деген аңсау бар…»
Борис Эйфман
1-бөлім
Ақсүйектер жиналған кеш. Анна да жұбайымен осында. Каренина балға Кити атты қызбен бірге келген жас офицер Вронскиймен танысады. Сымбатты жас жігіт Аннаны бірден ұнатып қалады. Ал Аннаның жан дүниесінде не болып жатыр?
Зейінді де елгезек, бірақ өзіне жат бола бастаған күйеуіне деген сезімінің өзгере бастағандығын Анна жақсы сезеді. Күйеуінің қамқорлығы оның ашу-ызасын келтіреді. Аннаның жүрегіндегі Вронскийге деген құштарлық оты оның ақыл-есін тұмандатып, сезім жетегіне сүйрейді…
Ат бәйгесі басталады. Анна мен Вронский бірге уақыт өткізуден рақаттануда. Каренин қос ғашықтың ынтызарлыққа толы кездесуінің куәсі болады.
Петербургтің зиялы қауымы Анна мен Вронскийдің қарым-қатынасын айыптайды. Аннаның күйеуі басына түскен барлық масқарашылыққа ерлікпен төтеп беруге тырысады.
Аннаның Вронскийге деген құмарлығы арта түсуде. Каренина мен жас офицер әрбір кездесуді асыға күтіп, сағыныш сезімдерін баса алмайды. Ғашықтардың махаббаттан бастары айналып, көздері ештеңені көрмейді…
Аннаның күйеуінің қасіретінде шек жоқ. Ерлі-зайыптылардың арасындағы ұрыс-керістен соң, Анна сұмдық қорқынышты түс көреді. Алда болар қайғыны сездіретін сұмдықтар тізбегінен шошып оянған Анна күйеуінен жалынып кешірім сұрайды.
2-бөлім
Офицерлердің бас қосуы қызу өтіп жатыр. Вронскийге бұл кеш қызықсыз. Оның бар ойы – Аннада.
Карениндер отбасындағы жанжал күннен-күнге өршіп барады. Намысы тапталған күйеуі Аннадан есін жиып, ақылға келуін сұрайды, бірақ ол ештеңені естігісі келмейді.
Аннаның күйеуіне оның әйеліне деген сезімін жасыруға тырыспайтын Вронскиймен де тіл табысу мүмкін емес.
Барлық өсек-аяңнан, әңгімеден құтылу үшін Вронский мен Анна Еуропаны аралап саяхат құрады, атақты Венеция балына қатысады. Тамаша сұлулық әлемі де, ғашығының ыстық құшағы да Аннаны жан дүниесіндегі күн сайын арта түскен арпалыстан құтқара алмайды. Вронскийдің өзіне деген күшейе түскен салқындығы оның қайғысын арттыра түседі.
Петербург қоғамы Аннадан теріс айналады. Аннаның құмарлық дерті оны ессіздік пен торығудың тұңғиығына батыра түсуде. Қызғаныштан басы айналған Аннаның жанжалдары Вронскиймен арақатынасын тым шиеленістіріп жіберді.
Анна барлық қиындықтардан морфийдің күшімен құтылғысы келеді. Бірақ ешқандай жеңілдік сезілмейді, тек әйелдің қиналған ақыл-есін сұмдық елестер әлеміне жетелейді.
Жан дүниесі соқыр сезімнің отына шарпылған, санасы дәрімен уланған Аннаның болашағынан үміті жоқ. Барлық азаптан құтылу үшін Анна вокзалға бет алады. Оның қиын да мағынасыз өмірін зырлап келе жатқан пойыз қиып өтеді…

Қатысушылар мен орындаушылар
(15 қараша 2026, 18:00)
- Анна Каренина Жанел Түкеева
- Вронский Азамат Асқаров
- Каренин Архат Әшірбек, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
- Кити Айман Егісбаева
- Қоюшы-балетмейстер – Борис Эйфман, (Санкт-Петербург қ.), Ресейдің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының иегері
- Сценограф – Зиновий Марголин
- Костюм дизайнері – Вячеслав Окунев, Ресейдің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтарының иегері
- Жарықтандырушы дизайнер – Алексей Донде
- Балетмейстердің ассистенттері – Ольга Калмыкова, Олег Парадник
- Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Гүлжан Түткібаева, ҚР халық әртісі