Опера
Ауыл Абыройы 26 қараша 2026, 19:00
Сипаттама
«Ауыл намысы» — Пьетро Масканьидің алапат құштарлыққа, терең драматизмге және жақындап келе жатқан қасіреттің суық лебіне толы бір актілі операсы. Пасханың жарқын мерекесі аясында Сицилияның көркем ауылында махаббат, опасыздық пен қызғаныш туралы оқиға өрбиді. Мұнда тапталған ар-намыс аяусыз кек алуға ұласады. Кейіпкерлердің тағдырлары сезімдердің шиеленіскен тартысында тоғысып, Масканьидің музыкасы адам жанының азабын ерекше шынайылықпен, жүрек тебірентер әсерлілікпен ашады. Бұл — бір сәттік үмітсіздік бірнеше адамның тағдырын мәңгілікке өзгерте алатын қасіретті хикая.
Пьетро Масканьи
Ауыл намысы
Бір актілі опера
Либретто авторлары: Джованни Тарджони-Тоццетти, Гвидо Менаски
Қойылымдық топ
Музыкалық жетекші – Асқар Бөрібаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы режиссер – Лоренцо Мариани (Италия)
Режиссердің ассистенті – Ләйлім Иманғазина, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Сценограф, костюм суретшісі – Вильям Орланди (Италия)
Жарық суретшісі – Роберто Вентури (Италия)
Хореограф – Лучано Каннито (Италия)
Бас хормейстер – Әлия Темірбекова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Тағылымдамадан өтуші ассистенттер – Наталия Станкович, Шахан Гурхан
«Престиж» мектебінің «Қоңырау» балалар хоры
Хормейстер – Светлана Политаева
Қатысушылар
- Сантуцца, жас шаруа қызы (сопрано)
- Туридду, жас сарбаз (тенор)
- Лючия, Туриддудың анасы (контральто)
- Альфио, ауылдағы арбакеш (баритон)
- Лола, Альфионың әйелі (меццо-сопрано)
Оқиға уақыты: XIX ғасырдың соңы, Пасха мерекесі.
Оқиға орны: Сицилия аралындағы ауыл.
Қысқаша мазмұны
Таң сәрі. Туридду бір кездері сүйген қызы, бүгінде өзгенің жары болған Лоламен бірге өткізген түннен кейін оған қоштасу серенадасын шырқайды. Екеуі өтіп бара жатқан адамдардың назарын аудармауға тырысып, бір-бірінен ажырайды.
Таң атып, күн көтеріле бастайды. Ауыл тұрғындары Пасха мерекесіне арналған құлшылық рәсіміне қатысу үшін шіркеуге жиналуда. Осы кезде қызғаныш пен күдік жанын жегідей жеген Туриддудың қалыңдығы Сантуцца пайда болады. Ол Туриддудың анасы Лючиядан ұлының қайда екенін сұрайды. Лючия ұлының мереке қарсаңында шарап әкелу үшін көрші ауылға кеткенін айтады.
Олардың әңгімесін көңілді Альфионың дауысы бөледі. Лоланың күйеуі сапардан оралып, жиналғандарға өз шаруалары туралы әңгімелеп береді. Ол жақында Туриддуды өз үйінің маңынан көргенін айтқанда, Сантуццаның күдігі күшейе түседі.
Альфио кеткен соң, Сантуцца Лючияға ішіндегі сырын ақтарады. Бұрын Туридду Лолаға ессіз ғашық болып, оған үйленгісі келген екен. Алайда әскери қызметке кетуге мәжбүр болады. Қайтып оралғанда, бұрынғы сүйіктісінің Альфиоға тұрмысқа шыққанын біледі. Туридду ұзақ уақыт қайғырып жүреді, бірақ бірте-бірте Сантуццаға көңілі ауып, оған үйленуге уәде береді. Мұны білген Лола Туриддуды қайтадан өзіне қаратуға бел буады.
Бұл хабарға қатты қапаланған Лючия шіркеуге кетеді. Ал Сантуцца сүйіктісін күтіп қалып, одан шындықты мойындатуға бекінеді.
Көп ұзамай Туридду келеді. Сантуцца оны қызғанышқа толы сұрақтардың астына алады. Алайда Туридду жалтарып, түрлі сылтау айтып, өтірік сөйлейді.
Екеуінің арасындағы шиеленісті әңгіменің үстіне Лола келеді. Ол әндетіп, Туриддуға кекесінмен тіл қатады. Екі әйел бір-біріне ащы сөздер айтып, қағысады.
Лола кеткеннен кейін Сантуцца күйеу жігітін тағы да ақылға шақыруға тырысады. Бірақ Туридду ашуға булығып, оны итеріп жіберіп, жеңілтек Лоланың соңынан кетеді.
Сүйіктісінен теріс жауап алған Сантуцца үмітсіздікке түсіп, кек алуға бел буады. Дәл осы сәтте тағдыр оны Альфиомен кездестіреді. Сантуцца оған әйелінің опасыздығын айтып береді. Альфионың көңілді жүзі әп-сәтте қаһарлы ашуға өзгереді.
Осы уақытта шіркеудегі құлшылық рәсімі аяқталады. Жұрт Пасха мерекесін тойлауға жиналып, шарап ішіп, ән шырқап, қуанышқа бөленеді.
Жиналғандарға Альфио қосылғанда, Туридду оны бірге шарап ішуге шақырады. Бірақ Альфио бұл ұсыныстан дөрекі түрде бас тартады. Жанжалдың жақындағанын сезген әйелдер ол жерден кетеді.
Екі қарсылас та енді жекпе-жектен қашып құтыла алмайтындарын түсінеді. Сицилия дәстүрі бойынша олар құшақтасады. Осы сәтте Туридду Альфионың құлағын тістеп алады. Бұл – жекпе-жекке шақырудың белгісі.
Шайқас алдында Туридду анасымен қоштасуға барады. Ол Лючиядан өзіне ақ батасын беруін сұрайды. Егер басына бір қайғылы жағдай түссе, бейшара Сантуццаны қамқорлығынсыз қалдырмауын өтінеді.
Ұлының тосын мінез-құлқына таңғалған Лючияның жүрегін жамандықтың боларын сезген үрей билейді.
Осы уақытта Альфио мен оның серіктері Туриддумен есеп айырысады. Кенет Туриддудың өлтірілгені туралы жан түршігерлік айқай естіледі.
Жұрт шу шыққан жаққа қарай жүгіріп келеді. Сантуцца Лоланы сүйіктісінің қанға боялған денесінің жанына итеріп жібереді.

Қатысушылар мен орындаушылар
(26 қараша 2026, 19:00)
- Сантуцца Гүлзат Дәуірбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
- Туридду Халид Нұралиев
- Альфио Александр Сметанин, алғашқы орындауы
- Лола Әмина Рахимжанова, алғашқы орындауы
- Лючия Елена Никонова
-
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, хоры және балеті
- Дирижёр – Қуаныш Исмаилов