Балет
Баядерка 29 қараша 2026, 18:00
Сипаттама
«Баядерка» — Людвиг Минкустың музыкасына қойылған классикалық балет өнерінің жауһары. Мұнда Шығыстың сән-салтанаты мен би сұлулығы қайғылы махаббат хикаясымен астасады. Оқиға желісінің өзегінде — ғибадатхана бишісі Никия мен ержүрек жауынгер Солордың қасіретті тағдыры. Олардың махаббаты қызғаныш, сатқындық пен тағдырдың қатал сынағына тап болады. Сарайдағы салтанатты мерекелердің сән-салтанаты, алаулаған сезімдердің драмалық қуаты мен тылсымға толы көлеңкелер патшалығы махаббаттың өлімнен де күшті екенін паш ететін поэтикалық әлемді бейнелейді.
Людвиг Минкус
Баядерка
3 актілі балет
Либреттосы М. Петипа мен С. Худековтікі
М. Петипаның қойылымында
В. Пономарев пен В. Чабукианидің өңдеуінде
Қойылымдық топ
Қоюшы-дирижер – Ерболат Ахмедияров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Балетмейстер – Габриэла Комлева, КСРО халық әртісі (Санкт-Петербург)
Балетмейстердің көмекшісі – Ирина Иванова (Санкт-Петербург)
Суретші – Вячеслав Окунев, Молдова, Беларусь және Қазақстанның мемлекеттік сыйлықтарының иегері, Ресейдің халық әртісі
Абай атындағы ҚазҰОБТ балет труппасының көркемдік жетекшісі – Гүлжан Түткібаева, ҚР халық әртісі
Қатысушылар
- Дугманта, раджа
- Гамзатти, оның қызы
- Солор, жауынгер
- Никия, баядерка
- Алтын пұт
- Ұлы брамин
- Магедавея, факир
- Толорагва, жауынгер
Факирлер, жігіттер, раджаның нөкерлері, қыздар, Гамзаттидің сеніміндегі адамдар, күң қыздар, браминдер, құлдар, жауынгерлер, баядеркалар, жаһанкездер, музыканттар, аңшылар
Бірінші бөлім
Солордың басшылығымен жас жауынгерлер жолбарыс аулауға шығады. Орман ішіне кірмес бұрын Солор факир Магедавеяға баядерка Никияға оны түнде ғибадатхана жанында күтетінін айтуды тапсырады. Салтанатты түрде Ұлы брамин мен діни қызметкерлер ғибадатханадан шығады. Отқа табыну мейрамы басталады. Факирлер мен ғибадатхана қызметшілері – баядеркалар – киелі билерді билей бастайды. Олардың арасында осы салтанатқа көрік беріп тұрған асқан сұлу Никия бар. Діни дәрежесі мен некелеспеу антын ұмытқан Ұлы брамин Никияға шынайы сезімін білдіріп, оған Үнді елінің бар байлығын аяғының астына тастайтынын уәде етеді. Бірақ Никия одан бас тартады. Ол оны ешқашан сүйе алмайды. Никия басқа баядеркалармен бірге факирлерге киелі бұлақтан су ұсынады. Магедавея Никияға түнде Солор келетінін айтады. Никия бақытты.
Түн. Жасырын кездесу. Солор Никияны мәңгі сүйетінін айтып, адалдық антын береді. Ұлы брамин ғашықтардың әңгімесін тыңдап қояды.
Раджа Дугманта – князьдық басшысы – қызы Гамзаттиге өзінің қалаулысын көретінін айтады. Раджа күйеу жігітті алып келуді бұйырады. Ол – батыр жауынгер Солор еді. Раджа өзінің ару қызының Солордың әйелі болатынын жариялайды. Жауынгер қыздың сұлулығына қайран қалады. Бірақ Солор абыржулы: ол баядерка Никияны сүйеді және оған адалдық антын берген.
Ұлы брамин келеді. Ол раджаға құпия сыр айтпақшы. Гамзатти әкесі мен браминнің әңгімесін естиді. Ұлы брамин Солор мен Никияның махаббаты жайлы айтады. Дугманта Солорға қатты ашуланғанымен, өз шешімін өзгертпейді. Ол баядерка өлуі тиіс деп шешеді. Өз дұшпанынан құтылам деп үміттенген брамин оқиғаның бұлай аяқталуын күтпеген еді. Раджа бетінен қайтар емес.
Гамзатти күң қызға Никияны алып келуін бұйырады. Раджаның қызы баядеркаға жақын арада үйлену тойы болатынын айтып, оны сол мерекеде билеуге шақырады. Гамзатти баядеркаға өзінің күйеу жігіті – Солордың суретін әдейі көрсетеді. Никия қатты ашынып, қарсылық білдіреді: Солор оны ғана сүйеді және оған адалдық антын берген. Раджаның қызы Никияға Солордан бас тартуды бұйырады, бірақ баядерка сүйіктісінен айырылғанша өлгені артық екенін айтады. Никия ашуға беріліп, бақталасына қанжармен ұмтылады. Бірақ күң қыз дер кезінде келіп, баядерканы тоқтатады. Раджаның қызы Никияны өлім жазасына кесуді бұйырады.
Екінші бөлім
Раджа сарайының алдындағы алаң. Гамзатти мен Солордың некелесуіне арналған салтанатты мереке.
Баядерка Никия өзінің биімен мерекеге келген қонақтардың көңілін аулауда. Ол өзінің қайғысын жасыра алар емес. Оның назары сүйіктісінде. Дугмантаның бұйыруымен күң қыз Никияға Солордың атынан гүл себетін ұсынады. Күтпеген жерден гүлдердің арасынан шыққан жылан Никияны шағып алады. Никия мұның раджаның қызының кек алуы екенін түсінеді.
Ұлы брамин Никияға уға қарсы дәрі беретінін айтады. Бірақ баядерка өз махаббатына адал. Солор өлім алдында жатқан сүйіктісін құшақтайды.
Үшінші бөлім
Солор күйзеліп, қатты өкінуде. Ол кальян шегеді де, ұйқыға кетеді. Оның көз алдына қараңғылықтан аруақтар көріне бастайды. Олар тау шатқалынан ұзын тізбек болып түсіп келеді. Солор олардың арасынан сұлу Никияны көреді. Қыз оны өзіне шақырады…

Қатысушылар мен орындаушылар
(29 қараша 2026, 18:00)
- Дугманта, раджа Әмір Жексенбек, алғашқы орындауы
- Гамзатти – қызы Әсел Асқарова, алғашқы орындауы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
- Солор – жауынгер Архат Әшірбек, алғашқы орындауы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
- Никия – баядерка Жанель Түкеева
- Алтын пұт Әлихан Накисхожаев, алғашқы орындауы
- Ұлы брамин Дәурен Жеңіс, алғашқы орындауы
- Магедавея – факир Қасқырбай Есқали
- Толорагва – жауынгер Әзиз Есенбаев
- Айя – тұтқындағы қыз Малика Үсенова, алғашқы орындауы
- «Ману» құмырамен би Ақбота Бекболатова, алғашқы орындауы
- Факирлер, бозбалалар, раджаның нөкерлері, қыздар, Гамзаттидің нөкерлері, тұтқындағы қыздар, браминдер, қызметшілер, жауынгерлер, баядеркалар, жортушылар, музыканттар, аңшылар Балет әртістері
-
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі
- Дирижёр – Ренат Салаватов, Татарстанның халық әртісі, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі