Балет
Балет кеші: Шехеразада 3 сәуір 2026, 19:00
Сипаттама
Мұрағат
Николай Римский-Корсаковтың музыкасына қойылған «Шехеразада» балетінің баурап алатын қойылымы көрермендерді шығыс сән-салтанатына, құмарлығына және интригасына толы әлемге алып барады, онда махаббат пен қызғаныш қайғылы аяқталуға әкеледі, бұл жарқын және эмоционалды театрландырылған көрініс жасайды.
ШЕХЕРЕЗАДА
Н. Римский – Корсаковтың симфониялық сюитасының музыкасына жазылған бір бөлімді балет
А. Бенуаның либреттосы
«Мың бір түн», «Шахрияр патша мен оның інісі» ертегілерінің желісі бойынша
ҚазҰОБТ премьерасы 2013 ж. 25.05. өтті
Действующие лица
- Зобейда
- Шахрияр, сұлтан
- Земан, Шахриярдың інісі
- Алтын құл, Зобейданың сүйіктісі
- Бас әтек
- Әтектер, күңдер, сүйікті бишілері, альмеялар, музыканттар, жауынгерлер, құлдар
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ
Қоюшы-дирижер – Арман Оразғалиев
Қоюшы-хореограф – Тони Канделоро (Италия)
Михаил Фокиннің түпнұсқалық хореографиясының негізінде
Декорациялары мен костюмдері Л. Бакстың эскизі бойынша, Тони Канделоро и Даниеле Аментаның қайта өңдеуімен
Қойылым директоры – Гуидо Риччи (Италия)
Действие первое
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрындағы Н. Римский-Корсаковтың «Шехерезада» балетінің жаңа қойылымы – атақты Дягилевтің Еуропадағы орыс маусымдарында классикалық балет жанкүйерлері мен кәсіби өнер шеберлеріне көрсеткен хореографиядағы заманауи ағымның қазақ сахнасына батыл енгендігінің айқын дәлелі. Осындай балеттер 1909–1929 жылдары жиырмасыншы ғасыр мәдениетінің авангардтық қозғалысының символы ретінде танылды. Орыс балетінде музыка, поэзия, живопись бидің айналасына тоғысып, хореография тарихында тұңғыш рет жаңа ғасырдың мәдени және стилистикалық өзгерістерге ұшырауы негізгі рөл атқарады.
Париж қаласы Леон Бакстың жаңа сахналық идеяларына тәнті болды. Оның шығыс тақырыбы әйелдер модасы мен ғимараттардың ішкі өрнегіне әсер етті. Орыс өнері Батысты бағындыра бастады.
Бишілер он тоғызыншы ғасырдағыдай техникалық вариациялар мен бет-пішін қимылдарына аса сүйенбеген. Хореографияның жаңа дәуірінің басында тұрған Михаил Фокин өз кейіпкерінің бейнесін ашу үшін бишілердің актерлік техника мен тәсілді қиюластырып жіберетін хореографиялық драмалар жасайды.
Дягилев Парижге әкелген Нижинский, Павлова, Карсавина, Ида Рубинштейн сияқты ұлы бишілер, Александр Бенуа, Леон Бакст сияқты суретшілер, сценографтар, Римский-Корсаковтан новатор Игорь Стравинскийге дейінгі дәстүрлі музыкалық композиция қалыптасты. Сол артистердің барлығы Дягилевтің орыс балеттерімен тығыз байланыста қалғанымен, әрқайсысы өздерінің дара талантымен сол заман мәдениетіне осы уақытқа дейін сақталған айрықша өзгерістер енгізеді.
Біздің театрымызда «Шехерезада» балетін қоюшы Тони Канделоро орыс балетінің соңғы ұрпақ өкілдерімен жұмыс істеген.
Хореограф Михаил Фокиннің ең басты еңбектерінің бірі – «Шехерезада» балетінің жаңа қойылымы театр артистерінің орындауында жаңа қырынан көрінбек.
Қысқаша мазмұны
Зобейда ханшайым Шахриярдың көңілін табуға тырысқанынан ешқандай нәтиже шықпайды. Шахриярдың бауыры Земан оның әйелдерінің оған адал еместігін айтады. Зобейда шахтың жүрегін жібітпек әрекеті оны ызаландыра түседі. Бишілердің ғажап биі де оған әсер етпейді. Шах нөкерімен аң аулауға кетеді. Өздері қалған әйелдер нақсүйер құлдарын шақыртып алады. Кенеттен қайтып оралған Шахрияр көңілдестерімен қызыққа батқан әйелдерінің үстінен түседі. Оның уәзірлері әйелдер мен құлдарды кескілеп өлтіреді. Зобейда өз өмірін сақтауын жалынып сұрағанымен, кешірім алмаған соң, өзіне қол салады. Тыныштықты шахтың күңірене жылаған үні бұзады.
Тони Канделоро
Атақты биші – Тони Канделороның есімі балет әлеміне әйгілі. Атақты театрларда және халықаралық фестивальдарда Александра Феримен, Эвелин Дезюттермен, Галина Пановамен, Лорна Фейджомен, Карла Фраччи және оның труппасымен, сонымен қатар Рудольф Нуриевпен Морис Бежардың хореографиясындағы «Песня странствующего подмастерья» па-де-десінде биледі.
Тони Канделоро Михаил Фокиннің шығармашылығын зерттеумен айналысты және XVII ғасырдан бастап осы уақытқа дейінгі билер туралы өрнектердің, суреттердің, костюмдердің және басқа да естелік заттардың баға жетпес топтамаларын жинады. Ол топтамаларында би өнерімен байланысты экспонаттары бар ірі халықаралық мұражайлармен, атап өтсек, Италияның Роверето қаласындағы «MART» заманауи өнер мұражайы және Санкт-Петербургтегі Орыс мұражайымен бірлесе жұмыс жасайды. Ол сондай-ақ көптеген мәдени шаралар мен фестивальдардың ұйымдастырушысы болып табылады, Пулиядағы және Италияның Мәдени мұрасы министрлігімен мойындалған Михаил Фокин ассоциациясының балет директоры.

Қатысушылар мен орындаушылар
(3 сәуір 2026, 19:00)
- Зобейда Малика Ельчибаева
- Алтын құл, Зобейданың сүйіктісі Нельсон Пенья
- Шахрияр сұлтан Азамат Асқаров
- Земан, Шахриярдың ағасы Дәурен Жеңіс
- Сарай күзетшісі Әділет Карипов
- Сүйікті бишілер Гүлнұр Амангелдиева, Зарина Қазтаева, Гүлім Тұрсынғалиева
-
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі және балет труппасы
- Дирижёр Мұхтар Қалдаяқов