Опера
Богема 21 қараша 2026, 18:00
Сипаттама
«Богема» — Джакомо Пуччинидің махаббат пен Париждегі жас суретшілердің тағдыры туралы әсерлі операсы.
Дж. Пуччини
Богема
2 бөлімді опера
Л. Иллика мен Д. Джакозаның либреттосы
А. Мюрженің «Богема өмірінен көріністер» романы бойынша
Қойылымдық топ
Дирижер – Нұрлан Жарасов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Режиссер – Ләйлім Иманғазина, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Суретші – Владимир Кужель
Костюмдер бойынша суретші – Толқын Есалиева
Хормейстер – Әлия Темірбекова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Қатысушылар
- Рудольф, ақын
- Марсель, суретші
- Шонар, музыкант
- Коллен, философ
- Бенуа, үй қожайыны
- Альциндор, дәулетті адам
- Мими
- Мюзетта
- Парпиньоль, ойыншық сатушы
- Кеден сержанты
Студенттер, гризеткалар, сатушылар, сатып алушылар, солдаттар, кафе қызметшісі, балалар және т.б.
Оқиға 1830 жылдар шамасында Парижде өрбиді.
Бірінші бөлім
1-көрініс. Мансарда ішінде
Латын кварталындағы – Париждің студенттік ауданындағы мансарда. Қыс. Мансардада жас суретші Марсель мен ақын Рудольф жоқшылықта өмір сүріп жатыр. Бөлме іші өте суық – отын жоқ. Бірақ осыншама қиындықтарға қарамастан, олардың әзілдері жарасқан. Рудольф пен Марсельдің достары – философ Коллен мен музыкант Шонар келеді. Шонар азын-аулақ ақша тапқан екен және оған ішім-жем, отын сатып алып келіпті. Көңілдері көтерілген достар пәтер ақысын талап етуге келген үй иесін келеке етіп, шығарып салады да, өздері дәмханаға бет алады. Үйде жазып жатқан мақаласын аяқтау үшін жалғыз Рудольф қалады.
Есікті тықылдатқан әлсіз дыбыс естіледі. Бұл – сөніп қалған шамына от сұрай келген көрші қыз Мими. Екі жастың арасында әңгіме-дүкен басталады. Ақырында Мими шығып кетіп, артынша қайтып оралады: ол өз бөлмесінің кілтін түсіріп алған екен. Кілтті іздеп жатқанда шам өшіп қалады. Рудольфтың нәзік қызға көңілі ауады. Мимидің қарапайым өмірі жайлы әңгімесі жас жігітті терең ойға қалдырады. Ол қызға ғашық болғанын жеткізіп, оның да өзіне деген сезімін білдірген сөздерін естиді.
2-көрініс. Латын кварталында
Рождество қарсаңы. Алаң да, кафе де шаттыққа толы. Рудольф достарын Мимимен таныстырады. Отырыс қызған кезде Марсельдің бұрынғы ғашығы Мюзетта келеді.
Оның жанында бай табынушысы, тәкаппар шал Альциндор бар. Қылымсыған Мюзетта Марсельдің назарын өзіне аударғысы келеді, ал Марсель болса оны байқамаған сыңай танытады. Тапқыр қыз өзінің табынушысынан құтылу үшін ақырында бір амалын тауып, жалған тапсырмамен Альциндорды жұмсап жібереді де, Марсельдің құшағына енеді.
Мюзетта мейрамханадағы есеп айырысуды өзінің қарт табынушысы қайтып келгеннен кейін төлейтінін айтып, көңілдері көтеріңкі жастар қайтады.
Екінші бөлім
3-көрініс. Шекара бекеті
Ақпан айының таңы. Париждің шекара бекетіндегі дәмхана. Мими Марсельмен ақылдасқысы келіп, оны осында іздеп келеді. Ол Рудольфтің қызғаншақтығынан өмірі адам төзгісіз болғанын айтып, шағымданады. Рудольф шығады. Марсель Мимиді шығарып салады, бірақ қыз кетпей қалып қояды. Рудольф Марсельмен әңгіме барысында Мимидің ауыр дертке – өкпе ауруына шалдыққанын айтады. Мимидің еңіреп жылаған дауысы естіледі. Өзінің айтқанына ұялған Рудольф қызды құшағына алып, сабырға шақырады. Мими екеуінің айырылысқандары дұрыс деп шешеді. Марсель мен Мюзетта келеді. Олар тағы да ұрысуда. Марсель қызға түзелмейтін жеңілтектігін айтып, олар ақыры татуласудың орнына тағы ажырасып тынады.
4-көрініс. Мансарда ішінде
Сол мансарда. Бірнеше ай өтті. Марсель мен Рудольфтың жұмысы тағы да ойдағыдай емес. Олар ғашық жандарын сағынуда. Күтпеген жерден мазасызданған Мюзетта келеді. Оның жанында әбден әлсіреген, жоғарыға әзер көтерілген Мими бар. Қобалжыған достары Мимиді ұқыппен кіргізіп, жайғастырады. Бөлме іші бұрынғысынша суық, Мюзетта Мимиге дәрі сатып алуға және дәрігерді шақыруға өзінің сырғаларын шешіп, Марсельге береді. Рудольфтан басқалары шығып кетеді. Рудольф пен Мими алғашқы кездесулерін естеріне алады. Олар әлі де бірін-бірі сүйеді. Алайда науқастың тынысы тарыла бастайды. Рудольфтың үміті үзіледі, Мими қайтыс болады…

Қатысушылар мен орындаушылар
(21 қараша 2026, 18:00)
- Рудольф – ақын Нұрғалым Аманбай
- Марсель – суретші Андрей Трегубенко, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
- Шонар – музыкант Олег Татамиров, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
- Коллен – философ Таир Тәжі
- Мими Зарина Алтынбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
- Мюзетта Наргиз Сатмұхамбетова
- Бенуа – үй қызметшісі Жандарбек Еркінбаев
- Альциндор – бай адам Бекзат Абитов
- Парпиньоль Асқар Рысбек
-
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі және хоры
- Бас дирижер – Нұржан Байбосынов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері