Опера
Лючия ди Ламмермур 12 наурыз 2026, 19:00
Сипаттама
Мұрағат
«Лючия ди Ламмермур — Екі жастың махаббаты — екі әулеттің өшпенділігінің кесірінен үлкен қасіретке ұшырайды. Доницеттидің «Лючия ди Ламмермур» операсы әлемдік театр тарихындағы ең әсерлі опералардың бірі.
Г. Доницетти
Лючия ди Ламмермур
Екі бөлімді опера
Қатысушылар мен орындаушылар
- Лорд Генрих Астон
- Лючия, оның қарындасы
- Сэр Эдгар Равенсвуд
- Лорд Артур Бёклоу
- Раймонд Бидебенд, Лючияның тәрбиешісі
- Алиса, Лючияның құрбысы
- Норман, Равенсвуд сарайындағы жауынгерлердің басшысы
- Ханымдар мен мырзалар, Астон қолдаушылары, Ламмермур тұрғындары, паждар, жауынгерлер, Астонның қызметшілері
Бірінші бөлім
Бірінші көрініс
Равенсвуд пен Астон рулары ертеден бері жауласуда. Генрих Астон Равенсвудтердің қамалын басып алды. Қамалдың иесі өлгенімен оның баласы Эдгар тірі. Генрих мазасыз, оны қаржы мәселесі де қатты алаңдатады. Оның қарындасы Лючия мен атақты әрі бай лорд Артурдың үйленуі отбасының жағдайын жақсартар еді. Бірақ Лючия қарсы. Қыздың тәрбиешісі Генрихқа қарындасына ашуланбауын, ол жақында қайтыс болған анасын ойлап қамығып жүргендігін айтады.
Әскербасы Норман Генрихқа Лючияның Эдгарды жақсы көретіндігін айтады. Жігіт қызды сондай жақсы көреді, қауіп-қатерге қарамастан онымен кездесуге келеді.
Лючияның қас дұшпанды ұнатуы Астондар үшін масқара. Күзетшілер Генрихқа жақында ескі қорған маңында Эдгарды көргендерін айтады. Ол жас жігітті ұстауға бұйрық береді.
Екінші көрініс
Кешқұрым. Лючия құрбысы Алисамен паркке келеді. Эдгар әлі келмеген. Алиса оған ағасының Эдгарды ұстап алуы мүмкін екенін айтады. Бірақ Лючия Эдгардың сақтығына сенімді. Оны алаңдататыны — Эдгардың ата-бабаларының бірі дәл осы жерде әйелін қызғаныштан өлтіргені туралы аңыз. Бейшара әйелдің елесі жақында оған көрінген. Алиса мұны жаман белгі деп санап, ғашықтығын ұмытуға кеңес береді.
Эдгар келеді. Қыздың қуанышын Эдгардың Шотландияға аттанатыны туралы хабар бұзады. Ғашықтар бір-біріне адалдыққа ант беріп, сақиналарын алмастырады.
Үшінші көрініс
Генрих Астон қарындасын лордқа күйеуге шығуға үгіттейді. Қыз өзінің басқа жігітпен сөз байласқанын айтады. Генрих оған Эдгардың опасыздығын дәлелдейтін жалған хаттарды көрсетеді. Генрихтің бұйрығымен тойға дайындық басталады.
Төртінші көрініс
Лючия қатты қапалы. Оның сүйікті тәрбиешісі де Эдгардың опасыздығына сенімді болып, қыздың ағасының ұсынысына көнуін сұрайды.
Бесінші көрініс
Равенсвудта күйеу жігітті күтуде. Қонақтар лорд Артурды қуана қарсы алады. Генрих қарындасының мұңды болуы жақында қайтыс болған анасын жоқтауынан деп түсіндіреді.
Қайғыдан есінен тануға жақын Лючия неке шартына қол қояды. Кенет Эдгар кіріп келеді. Жауынгерлер оған қарсы тұрады, Эдгар шайқасуға дайын. Бірақ неке шартын көрген соң Эдгар Лючияны опасыздық жасады деп айыптап, сақинасын қайтаруды талап етеді. Өзінің дұшпандарына енді өмір сүрудің мағынасы жоқ екенін айтады. Бірақ бақытсыз жігіттің қанын төгуге ешкім батпайды. Эдгар еш кедергісіз шығып кетеді.
Екінші бөлім
Бірінші көрініс
Ескі қорғанда Эдгар жалғыз өзі өткен күндерін ойлап қамығып отыр. Генрих келіп оны жекпе-жекке шақырады. Таңертең ерте олар дуэльге шығады.
Екінші көрініс
Астондардың сарайында той өтіп жатыр. Көңілді кешті Раймонд Бидебендтің Лючияның лорд Артурды өлтіргені туралы қорқынышты хабары бұзады. Есі ауысқан Лючия келеді. Ол көз алдына елестеген Эдгардан өзін кешіруін сұрайды.
Үшінші көрініс
Генрих Раймондтан өзінің бейшара қарындасына қамқор болуын сұрайды. Раймонд соншама қайғы-қасірет әкелген Норманды қарғайды.
Төртінші көрініс
Таңсәріде Эдгар Генрихпен жекпе-жекке шығу үшін келеді. Жас жігіт болған қайғылы оқиға туралы естиді. Ол Лючияны соңғы рет көру үшін қамалға қарай жүгіреді. Оның жолын бөгеген Бидебенд Лючияның енді жоқ екенін айтады.
Эдгар қанжарын суырады…
Эдгардың өлімі ғашықтарды енді мәңгіге біріктірді…

(12 наурыз 2026, 19:00)
- Лорд Генрих Астон Александр Сметанин
- Лючия – әпкесі Наталья Мезина
- Сэр Эдгар Равенсвуд Халид Нұралиев
- Лорд Артур Бёклоу Фархат Көбеев
- Раймонд Бидебенд – Лючияның тәрбиешісі Ілияс Артағалиев
- Алиса – Лючияның құрбысы Елена Никонова
- Норман – Равенсвуд сарайындағы жауынгерлердің басшысы Ислам Хамзаев
- Ханымдар мен мырзалар, Астон қолдаушылары, Ламмермур тұрғындары, паждар, жауынгерлер, Астонның қызметшілері – хор, балет, миманс әртістері
-
Симфониялық оркестр, хор және балет Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры
- Дирижер Рүстем Қабылбай
- Қоюшы-дирижер Нұрлан Жарасов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
- Қоюшы-режиссер Юрий Александров, Ресей халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлық лауреаты
- Қоюшы-суретші Вячеслав Окунев, Ресей халық суретшісі, ҚР Мемлекеттік сыйлық лауреаты
- Бас хормейстер Әлия Темірбекова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
- Хореография мен пластика Людмила Цветкова