Опера
Хан сұлтан. Алтын орда
Сипаттама
Хан Сұлтан – Алтын Орданың ұлы билеушілерінің бірі Берке ханның анасы. Ұлыстың негізін қалаушы Жошы ханның үшінші әйелі. Опера Шыңғыс ханның мұсылман әлемінің үлкен мәдениет ошағы, түркілердің құрған үлкен саяси бірлестігі Хорезмшах мемлекетін жаулау кезеңінен басталып, Алтын Орданың алғаш қалыптаса бастаған кезімен аяқталады.
Хан Сұлтан өзінің ақылымен, мінезімен және саясатта біліктілігімен өзін де, ұлдарын да Алтын Орданың белді қайраткеріне айналдырған тұлға.
Хан Сұлтан
Екі актілі опера
екі актілі опера
Қатысушылар
- Хан Сұлтан – Жошының әйелі, 25 жаста (сопрано)
- Шыңғыс хан – 60 жаста (баритон)
- Жошы – 40 жаста (баритон)
- Шағатай – Жошының тете інісі (тенор)
- Түркен қатын – Хан Сұлтанның әжесі, Хорезм шахы Ала ад-Дин Мұхамедтің анасы, Шыңғыс ханның тұтқыны (меццо-сопрано)
- Бөрте – 60 жаста (меццо-сопрано)
- Құнан ноян (бас-баритон)
- Тайшы шебер – ағаш шебері, 40 жаста (тенор)
- Қайша – Тайшының әйелі, Хан Сұлтанның қызметшісі (сопрано)
- Жасауыл бегі (тенор)
- Құлан қатын – Шыңғыс ханның екінші әйелі, 40 жаста
- Сархан қатын – Жошының әйелі, 30 жаста (сопрано)
- Бектеміш – Жошының әйелі, Батудың шешесі, 35 жаста (сопрано)
- Бату – 27 жаста (баритон)
- Берке – сәби, 6–8 жаста, 17 жаста, 22 жаста (тенор)
- Беркешар – Беркенің інісі
- Бөрі Мұхамед – Беркенің кіші інісі
- Қызметшілер, жасауылдар, әскерлер, көпшілік, нөкерлер (хор)
БІРІНШІ АКТ
Бірінші көрініс
Қан майданнан кейінгі өлі далада өліктер үйіліп жатыр. Сол үйіндінің астынан бір әйел тірі шығып, қасіретке толы тағдырын жария етеді. Көпшілік оны мазақтап, тіпті ажалға қиюға оқталса да, әйелдің жұмбақ болмысы жұртты екіұдай күйге түсіреді.
Екінші көрініс
Шыңғыс ханның жорық шатырында Түркен қатын мен тұтқындар қираған қалаларды жоқтап зарлайды. Қаған бұл мұңды үнді сабырмен тыңдай отырып, Түркен қатынның талабын да естиді: ол жоғалған немересі Хан Сұлтанды табуды сұрайды. Іздеу бұйырылады.
Үшінші көрініс
Белгісіз әйел ауыл шетіне жетіп, балалардың қорлығын көреді. Тайшы шебер мен Қайша оған пана болады. Көп ұзамай Жошы мен Шағатай келіп, белгісіз әйел үшін тартысып, қақтығысқа дейін барады. Сол сәтте Түркен қатын пайда болып, әйелдің өз немересі — Хан Сұлтан екенін таниды. Бөрте жағдайды таразылап, Хан Сұлтанның тағдырын шешіп, оны Жошының жары ретінде бекітеді.
Төртінші көрініс
Аңнан оралған Жошы ауыр жараланып, өліммен бетпе-бет келеді. Ол ұлыс пен ұрпақ үшін аманатын айтып, болашақ биліктің бағытын белгілейді. Хан Сұлтан мен жақындары үшін бұл — ауыр сын, ал ұлыс үшін — жаңа тартыстардың басы.
ЕКІНШІ АКТ
Бірінші көрініс
Жошы қайтыс болған соң Хан Сұлтанға қысым күшейеді: Шағатай мен Үгедей Сығанаққа және мұраға дәмеленіп, өз ордасына көшуді талап етеді. Хан Сұлтан қарсы тұрып, әділ төрелікті тек қағаннан күтетінін айтады.
Екінші көрініс
Шыңғыс ханның жорық шатырына жеткен Хан Сұлтанды жасауылдар өткізбей, қорлайды. Хан Сұлтан мен Қайшаның табандылығы жұртты да қозғап, ақыры Құнан ноян мән-жайды анықтап, Хан Сұлтанды ішке кіргізуге жол ашады.
Үшінші көрініс
Шатыр ішінде Шыңғыс хан Хан Сұлтанның зарына құлақ асады, жасаулының зорлығын жазалайды. Хан Сұлтан ант-уәдесіне берік екенін дәлелдеп, Берке мен Сығанақтың аманаты туралы айтады. Қаған Құнан ноянды қолмен бірге жіберіп, Берке ержеткенше қорған болуды бұйырады.
Төртінші көрініс
Сығанақтағы сарайда Үгедейден қатал жарлық келеді: Беркені аманатқа алып кетпек. Хан Сұлтан Бату арқылы қорған іздеп, Тайшы шебермен жасырын жоспар құрады.
Бесінші көрініс
Берке құпия түрде аман сақталып, Бату жағына жіберіледі. Уақыт өте ұлыс қол жинап, жорық рухы күшейеді: Бату мен ержеткен Берке ел алдына шығып, халық үмітін оятады. Хан Сұлтан дұға қылып, ұлының амандығын тілейді.