опера
Інжу іздеушілер 15 наурыз 2026, 18:00
Сипаттама
Мұрағат
Ежелгі Цейлонның тылсым әлемі, тағдырлы махаббат пен достық жолындағы құрбандық — Жорж Бизенің «Інжу іздеушілер» операсы көрерменді құштарлық пен сезімге толы әлемге жетелейді, мұнда әрбір ария жан сыры болып естіледі.
Ж. Бизе
Інжу іздеушілер
2-бөлімді опера
М. Карре мен Э. Кормонның либреттосы
Действующие лица
- Надир, жас аңшы
- Зурга, тайпа көсемі
- Нурабад, бас абыз
- Лейла
Действие первое
Бірінші көрініс
Цейлон аралының (қазіргі Шри-Ланка) жағасында көсем сайлау үшін інжу іздеушілер жиналды. Таңдау тәжірибелі де құрметті аңшы Зургаға түседі. Кенет Зурганың бұрынғы досы Надир келеді. Лейла сұлуға деген махаббат олардың арасына кезінде жік салған болатын. Достықтарын сақтап қалу үшін Надир алыс елдерге саяхатқа кетеді. Ол енді қайтып оралды, араздық ұмытылды, екеуінің достығына ешқандай бөгет жоқ.
Теңізде жамылғысы бар әйел отырған қайық көрінеді. Қауіп-қатерге толы кәсіп сәтті болу үшін теңіздің қатал аруақтарының мейіріміне ие болу міндетін тек некесіз және шынайылық антын берген бейкүнә қыз ғана атқара алады.
Қайық жағаға жақындайды. Інжу іздеушілер өздерінің жаңа жебеушісімен сәлемдесіп, оны құттықтайды.
Зурга оның махаббаттан бас тартуына тура келетіндігін еске салады. Қыз иіліп сәлем етеді, сол кезде Надир қыздың өзінің сүйіктісі Лейла екендігін таниды.
Екінші көрініс
Түн. Бас абыз Нурабад Лейланы храмға алып келеді. Нурабад қыздан «Берген сертіңе тұрасың ба?» – деп сұрайды. Жауап ретінде Лейла бала кезінде бір қашқынды жасырғанын, оның алғыс ретінде өзіне алқа сыйлағанын айтып, көрсетеді. Жалғыз қалған Лейла Надирмен күтпеген кездесуі жайлы, екеуінің шынайы махаббаты жайлы ойлайды. Сол сәтте Надирдің кіріп келуі оны қатты шошытады. Оларды бірге көріп қойса не болады? Лейла сүйіктісінен кетуін сұрайды, ол кетуге келіседі, бірақ ертең қайтып келетінін айтады.
Храм қызметкерлерінің қырағылығының арқасында қылмыскер қолға түсті. «Оған және ант бұзушыға өлім жазасы!» деп шулаған көпшілікті Зурга тыныштыққа шақырады. Екі жастың тағдырын ол өзі шешеді. Нурабад қыздың жамылғысын ашқанда, Зурга өзінің оған деген махаббаты досы Надирмен қас дұшпан қылған Лейланы таниды. Қызғаныш пен өшпенділік оты меңдеген ол шешімін өзгертеді — екеуі де өлуі керек!
Действие второе
Үшінші көрініс
Өз шатырында жалғыз отырған Зурга досы мен сүйіктісін ажалға итермелеген өзінің қылығын түсіне алмайды. Көсеммен сөйлескісі келген Лейланы әкеледі. Ол сертті бұзды, жазаға лайық, бірақ Надирдің кінәсі жоқ, Лейла оны құтқаруды жалынып сұрайды. Лейланың өтініші оның қызғанышын қоздырып, екеуін де өлім жазасына кеседі. Лейла жас балықшыдан анасына өзінің алқасын апарып беруді сұрайды. Зурга өзінің өмірін сақтап қалған қызға берген сыйлығын таниды. Ол өзін құтқарған қызды өлім жазасына бұйырыпты!
Төртінші көрініс
Лаулап жанған алаудың айналасында кек алудың қасиетті биі биленіп жатыр. Кенеттен айналаны алапат өрт басады. Зурга ашуланған құдайлар лашықтар мен егістіктерге от жібергенін айтады. Сотталушыларды жайына қалдырып, інжу іздеушілер өрт сөндіруге ұмтылады.
Зурга өртті өзі ұйымдастырғанын айтып, Лейла мен Надирді босатып жібереді.
Ғашықтар құтылып кетеді, ал жалғыз қалған Зурга өзіне-өзі қол жұмсайды.

Қатысушылар мен орындаушылар
(15 наурыз 2026, 18:00)
- Надир – аңшы Дамир Садуакасов
- Зурга – балықшы Эмиль Сакавов
- Лейла – Брахма пірі Зарина Алтынбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
- Нурабад – Брахманың жоғарғы пірі Серікқали Ауқатов
-
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, хор және балеті
- Дирижёр Ренат Салаватов, , Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі, Татарстанның халық әртісі
- Қоюшы-дирижёр Ерболат Ахмедияров, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
- Режиссёр Паоло Бозизио (Италия)
- Суретші Хелла Момбрини (Италия)
- Костюмдер бойынша суретші Анита Ламанна (Италия)
- Бас хормейстер Әлия Темірбекова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
- Қоюшы-балетмейстер Айнұр Әбілғазина
- Балет труппасының көркемдік жетекшісі Гүлжан Түткібаева, ҚР Халық әртісі