Опера
Иоланта 16 мамыр 2026, 18:00
Сипаттама
«Иоланта» — махаббат, жан дүниенің оянуы және әлеммен қауышудың ғажабы туралы Чайковскийдің нұрлы да поэтикалық операсы. Нәзік лирика, драмалық шиеленіс пен саз әсемдігі тоғысқан бұл туынды көрерменді терең тебіреніске бөлейтін әсерлі театрлық сезімге жетелейді.
П. И. Чайковский
Иоланта
бір актілі лирикалық опера
либретто авторы: М. Чайковский
Г. Герцтің «Рене патшаның қызы» драмасы негізінде жазылған
ҚазҰОБТ-дағы премьерасы 2003 жылғы 17.05-те өтті
Оқиға XV ғасырда Оңтүстік Франция тауларында өрбиді
Қойылым тобы:
Қоюшы-дирижер – Ренат Салаватов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Татарстанның халық әртісі
Қоюшы-режиссер – Ләйлім Иманғазина, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Бас хормейстер – Әлия Темірбекова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы-хормейстер – Шәкіржан Бүркітбаева
Қоюшы суретшісі – Гүлфайрус Исмаилова, ҚР халық суретшісі
Қоюшы-корректор – Орынбасар Жаңбыршиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Қатысушылар
- Рене, Неаполитан королі, Прованс графы
- Иоланта, король Рененің қызы, соқыр
- Роберт, Бургундия герцогы
- Граф Водемон, бургундиялық рыцарь
- Эбн-Хакиф, мавритандық дәрігер
- Альмерик, корольдің атқосшысы
- Бертран, сарай қақпасының қарауылшысы
- Марта, Бертранның әйелі, Иолантаның асыраушысы
- Бригитта мен Лаура, Иолантаның құрбылары
- Иолантаның қызметшілері мен құрбылары, корольдің нөкерлері, герцогтың әскері, атқосшылар
1 бөлім
Король Прованс Рененің қамалы Францияның оңтүстігінде орналасқан. Бұл жерде корольдің жас қызы Иоланта тұрады. Ол туғаннан соқыр, бірақ мұны білмейді. Корольдің талап етуімен айналасындағылар қыздан осы ауыр құпияны жасырады. Бөгде адамдар өлімнен қорқып, қамалға кіруге де батылы бармайды.
Иоланта құрбыларының арасында алаңсыз күн кешеді. Король атақты мавритандық дәрігерді әкеледі. Рене мазасыз күйде дәрігердің жауабын күтеді. Дәрігер қызды емдеуге болатынын, бірақ ол үшін Иоланта өз дерті туралы білуге тиіс екенін айтады. Тек сонда ғана ем шипалы болады, тек сонда ғана Иоланта жан-тәнімен жарықты көруді тілейді. Бірақ король бұған көнгісі келмейді.
2 бөлім
Баққа кездейсоқ екі рыцарь – Роберт пен Водемон келеді. Роберт кішкентай кезінде Иолантамен атастырылған болатын, бірақ ол қызды ешқашан көрмеген және оның зағип екенін білмейді. Водемон ғажайып бақтың террасасына көтеріліп, ұйықтап жатқан Иолантаны көреді. Оның кіршіксіз сұлу келбеті жас рыцарьды таңғалдырады. Байқаусызда шыққан таңданыс үні қызды оятып жібереді. Жас рыцарьдың толқынысы Иолантаның жүрегінде де жауап сезім оятады.
Әсем бейтаныспен қоштасарда Водемон одан естелік ретінде қызыл раушан гүлін беруді сұрайды. Иоланта қызылдың орнына ақ раушанды үзіп береді. Сонда рыцарь қыздың соқыр екеніне көзі жетеді. Қызға жаны ашыған ол жарық дүниенің қандай ғажап екенін айтып береді. Иоланта оның сөздерін ынтыға тыңдайды.
Осы сәтте король келеді. Бейтаныс адамның Иолантаға жарық дүние туралы сыр ашқанын білген король қатты ашуланады. Бірақ дәрігер оны сабырға шақырады. Енді қыздың сауығуына жол ашылды, тек Иолантаның өзі көруді жан-тәнімен қалау керек. Король екі жастың арасындағы сүйіспеншілікті аңғарып, Водемонды Иолантаның көзі ашылмаса, өлім жазасына кесетінін айтып, жалған қорқытады. Сүйіктісін аман алып қалу үшін Иоланта қандай азап болса да төзуге дайын. Ем сәтті өтеді. Әлемді алғаш рет көріп, қуаныш пен таңданысқа бөленген Иоланта әкесін, құрбыларын және енді мәңгілік қорғаны болатын Водемонды таниды.

Қатысушылар мен орындаушылар
(16 мамыр 2026, 18:00)
- Иоланта – Рене патшаның қызы Надия Наденова
- Водемон, граф Халид Нұралиев
- Роберт, герцог Нұрбол Артықбаев, алғашқы орындауы
- Рене, патша Ілияс Артағалиев
- Эбн-Хакиа, мавритандық дәрігер Талғат Күзембаев, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
- Марта, медбике Ләззат Бірімғазина
- Бригитта Анжела Шагарова
- Лаура Елена Никонова
- Бертран, қақпашы Таир Тәжі
- Альмерик, патшаның атқосшысы Фархат Көбеев
-
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі және хоры
- Дирижёр – Ренат Салаватов, Татарстанның халық әртісі, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі
- Бас хормейстер – Әлия Темірбекова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері