Гала-хор спектакль
Япурай
Сипаттама
Жүздеген дауыс бір арнаға тоғысқанда — «Япурай» дүниеге келеді: қазақ музыкалық дәстүрі мен заманауи өнер тоғысқан ауқымды хор спектаклі 6 наурыз күні Абай атындағы ҚазҰОБТ сахнасында өтеді.
«Япурай»
Гала-хор спектаклі
хор спектаклі
Абай атындағы опера және балет театрының хоры – біздің шығармашылық ұжымымыздың мақтанышы. Ол кез келген әлемдік театрдың опера репертуарының әрін кіргізетін кең ауқымды, әсерлі қойылымдардың негізін құрайды.
Хор құрамында жоғары деңгейлі вокал шеберлері бар. Олар опералық классикадан бастап мюзиклдер мен джазға дейінгі түрлі жанрдағы шығармаларды ерекше орындайды.
Қазақ композиторларының әндері театр хорының репертуарында ерекше орын алады. Бұл туындыларды хор ұжымы Қазақстан сахналарында ғана емес, шетелдік көрермендер алдында да үлкен табыспен орындап келеді және олар шынайы сүйіспеншілікке бөленіп, көрерменнің ыстық ықыласына ие болуда. Бұл шеберліктің сыры – хордың жоғары кәсіби деңгейінде. Біздің мақсатымыз – театр хорын жеке шығармашылық ұжым ретінде танытып, заманауи көзқарас тұрғысынан жаңа қырларын ашу.
«Япурай» хор спектаклінің басты мақсаты – қазақ музыкасын хор форматында ұсыну. Бірегей әрі әсерлі хор спектаклі көрерменді сахналық әрекетке тартып, хор өнерін халықтың бірлігінің, үйлесімі мен ұлттық мәдениетке құрметтің көрінісі ретінде танытады.
«Япурай» жобасының ерекшелігі – қазақтың музыкалық дәстүрін заманауи технологиялармен және сценографиямен үйлестіре білуінде. Қазақстанда алғаш рет ұлттық классика мен халық әндері хорға лайықталып, жаңа форматта ұсынылады. Бұл жоба музыкалық дәстүрлерді сақтай отырып, оларға жаңа тыныс береді. Көрермен заманауи музыкалық өңдеуден өткен таныс шығармаларды жаңаша қабылдайды.
Сонымен қатар, жоғары технологиялы сценографияның, сондай-ақ Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әл-Фараби, Махмұд Қашқари секілді ұлы тұлғалардың даналық сөздерінің қолданылуы әр нөмірдің мазмұнын тереңдетіп, ерекше эмоционалды әсер береді. Музыка мен визуалды шешімнің инновациялық үйлесімі көрерменге өткен мен болашақтың үйлесімін сезінуге және Қазақстанның мәдени-тарихи дәстүрлерінің біртұтастығын түсінуге мүмкіндік береді.