Опера
Кармен 16 сәуір 2026, 19:00
Сипаттама
Ж. Бизе
Кармен
4-бөлімді опера, бір үзілісімен
А. Мельяк пен Л. Галевидің либреттосы, П. Мерименің аттас новелласы бойынша
ҚазҰОБТ премьерасы 2015 ж. 16.05. өтті
Қойылым тобы:
Қоюшы –дирижер Алан Бөрібаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы-режиссер – Ләйлім Иманғазина, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы-суретші – Вячеслав Окунев, Ресей халық суретшісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Бас хормейстер – Әлия Темірбекова
Қоюшы-балетмейстер – Гүлжан Түткiбаева, ҚР халық артисі
Қатысушылар
- Кармен
- Дон Хозе, сержант
- Микаэла, Хозенің қалыңдығы
- Карменнің құрбылары: Фраскита, Мерседес
- Эскамильо, тореадор
- Контрабандышылар: Данкайро, Ремендадо
- Цунига, капитан
- Моралес, сержант
- Хор, балет, балалар хоры
1 бөлім
Микаэла атты әдемі қыз Хозені оның анасының сұрауы бойынша іздеп жүр. Хозенің анасы ұлының үйге оралып, оның үйленгенін армандайды. Қарапайым да тәрбиелі Микаэладан артық қалыңдық табу мүмкін емес. Хозенің достарының ортасында Микаэла сияқты қызды көру таңсық нәрсе. Ал Хозе, керісінше, Кармен сияқты батыл да қайсар қыздардың қылықтарына тамсануда… Кармен еркектердің барлығын өзіне бірден баурап алады. Магниттей тартады. Хозеден басқасының барлығын.. Кармен мен Хозенің кездесуінен басталған олардың махаббаты екеуінің тағдырына әсер етпей қоймайды. Микаэла Хозеге анасының хатын береді. Ол анасының айтқанын орындауға уәде берсе де, Кармен туралы ауыр ойдан арыла алмайды.
Хозе әйелдердің айқайласқан дауыстарын естиді. Әйелдер Цунигаға бір әйел жарақаттанған жанжал жайлы айтып береді. Олар бәрін бастаған Кармен екенін айтып, оны жазалауды талап етеді. Цунига Хозеге Карменді ұстап алуға бұйрық береді.
Хозе мен Кармен оңаша жеке қалады. Кармен Хозеге оңаша жерде ұмытылмайтын кеш болатынын уәде етеді. Хозенің сұлу қыздың қармағына ілінбеуге тырысқанымен, одан ештеңе шықпайды. Ол Карменді босатып жібереді. Карменді қашырғаны үшін Цунига Хозені тұтқындайды.
2 бөлім
Цунига мен Карменнің достары әдеттегідей кештерін әнмен, бимен, шараппен көңілді өткізеді. Цунига Карменге Хозенің тұтқыннан босап шыққанын айтады. Сол үшін Цунига Карменнен сый күтеді, яғни онымен кездескісі келеді.
Күтпеген жерден көпшіліктің сүйіктісі, атақ-даңқ пен қошаметтен басы айналып жүрген Эскамильо қонаққа келеді. Ол қыздардың арасынан Карменге ерекше назар аударып, кездесуге үмітті екендігін білдіреді. Барлығы Эскамильоның соңынан ереді…
Талай рет бірге қауіпті істерге бел буған Карменнің достары келеді. Қазір де Данкайро, Ремендадо, Фраскита, Мерседес оны олжалы бір істі атқаруға шақырады. Кармен оларға қосылғысы келмей, ұсыныстарынан бас тартады. Кармен Хозенің еркіндікке шыққан соң оған келетініне сенімді. Достары Карменнің ғашық болып қалғанына күледі. Ол шынымен де ғашық па? Осымен нешінші рет ғашық? Не де болса, әскери жігіттің пайдасы тиіп қалатыны сөзсіз? – деп достары оны күлкіге айналдырады.
Хозе бақытты. Ол нәзік әрі сұлу Карменмен кездесу үшін қазармадан шықты. Алайда кернейдің зор шыққан дауысы Хозенің қайтып қызметіне оралу керектігін айтуда. Кармен үшін басты айқас алаңы — махаббат, осы алаңды тастаған адам — қорқақ, қашқын. Ол Хозені өзімен бірге баруға үгіттейді.
Удай мас Цунига Хозеге казармаға қайтуға бұйрық береді. Алайда осы жерде екеуінің арасында төбелес басталады. Айқай-шуға Карменнің достары жиналады. Олар Цунигаға аман-сау тұрғанында кетуін ұсынады. Хозені өздерімен бірге қалуға шақырады. Болған оқиғадан соң әскери қызметке қайтар жол жоқ екендігін түсінген Хозе Карменмен бірге жердің түбіне де баруға дайын.
3 бөлім
Карменнің достары жолға шығады. Олар контрабандалық тауарды тау арасындағы қауіпті соқпақтармен өткізу керек. Хозе олар үшін жат адам. Енді ол әскери адам емес, бірақ қарақшы да емес. Карменнің мінезі қатты өзгергені көрініп тұр. Оның құрбылары карта ашып отырады: біреуіне — байлық, екіншісіне — махаббат, ал Карменге өлім түседі.
Олар тоқтаған шатқалға Микаэланы ертіп жол көрсетуші келеді. Ол құдайдан Хозені құтқарып, аман алып қалуды сұрайды. Кенет ол қару ұстаған Хозені көреді. Атыс. Микаэла тығылып қалады. Эскамильо келеді. Оқ оның басынан сәл жоғары ұшып өтеді.
Эскамильо өзінің Карменге деген ыстық сезімін айтып, осы қауіпті жолға шығуына түрткі болған Кармен екенін Хозеге айтады. Қызғаныштан көзі қарайған Хозе оны жекпе-жекке шақырады. Қанжарлары жарқыраған еркектердің қанды айқасын Кармен тоқтатады.
Эскамильо барлығын, соның ішінде Карменді де корридаға шақырады. Ол кетіп қалады, қарақшылар жолға дайындалады. Ремендадо Микаэланы көріп қалады. Бейтаныс қызға барлығы таң қалады. Микаэла Хозенің үйге қайтқанын дұрыс көреді, соны оған айтады. Кармен Хозені мазақтап, қуып жібереді. Ашу-ызаға булыққан Хозе Карменді өлтіруге дайын. Оны тек анасының өлім халінде жатқандығы жайлы хабар тоқтатады. Ол Микаэламен бірге кетіп қалады.
Тау арасынан Эскамильоның дауысы естіледі. Карта ашқанда, Карменге өлім түскен еді. Тореадордың жеңіс әні ненің белгісі? Жаңа махаббаттың ба? Әлде жаңа өмірдің бе?
4 бөлім
Көпшілік Эскамильоның келуін күтуде. Ол жалғыз емес, Карменмен бірге келеді. Барлығы батырдың соңынан ереді. Карменді оның құрбылары — Фраскита мен Мерседес тоқтатады. Олар Хозені көргендерін, Кармен үшін алаңдайтындарын айтады. Кармен не болса, о болсын деп шешеді.
Хозе келеді. Оның Карменнен өтінгенінен, оны қорқытқанынан пайда жоқ, Кармен енді оны сүймейді, ешнәрседен қорықпайды. Ол көпшіліктің көңілді дауыстары шығып жатқан жаққа барады. Хозе Карменнің басқамен кетіп қалғанына жол бермейді. Кармен олардың махаббаты мен адалдығының белгісі болып саналатын сақинаны оның бетіне лақтырады.
Хозе Карменді өлтіреді, жанұшыра айқайлайды: «Мені тұтқындаңдар! Мен оны өлтірдім! Менің Карменім!».

Қатысушылар мен орындаушылар
(16 сәуір 2026, 19:00)
- Кармен Оксана Давыденко
- Дон Хозе Алессандро Фантони (Италия)
- Микаэла Наталья Мезина
- Фраскита Анжела Шагарова
- Мерседес Надия Наденова
- Эскамильо Андрей Трегубенко, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
- Данкайро Төлеген Рахымбаев
- Ремендадо Фархат Көбеев
- Цунига Серікқали Ауқатов
- Моралес Шыңғыс Нұрғалиұлы (алғашқы орындауы)
-
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, хор және балет труппасы
- Бас дирижер Нұржан Байбосынов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері