Балет
Коппелия 24 сәуір 2026, 19:00
Сипаттама
Лео Делибтің «Коппелия» балеті — махаббат, қызғаныш және жан біткен қуыршақ құпиясы туралы нәзік комедиялық хикая; мұнда классикалық музыка, мәнерлі хореография мен театрлық қиял жарқын сахналық әрекетке тоғысады. Абай атындағы ҚазҰОБТ-дағы Гүлжан Тұтқыбаеваның қойылымы балет репертуарының әйгілі жауһарын жанды, тапқыр әрі поэтикалық қырынан ашады.
Француз композиторы Лео Делибтің музыкасына жазылған «Коппелия, немесе Көк көзді қыз» балеті балет сахнасындағы сирек кездесетін комедиялық спектакль жанрына жатады. «Коппелия» — мойындалған классикалық балет эталоны, барлық атақты театрлар мен балет труппаларының репертуарына енген шығарма.
Қазіргі таңда балеттің бастапқы хореографиясы ұмыт бола бастағанымен, спектакль жаңа бояулар мен жаңа интерпретациялар арқылы өмір сүруін жалғастырып келеді. Мұның басты себебі — Лео Делибтің балет театрына жаңа бағыт әкелген ғажайып музыкасы. Ол «хореографияның қызметшісі» болудан қалып, спектакльдің тең құқылы құрамдас бөлігіне айналды. П. И. Чайковский композитордың өнеріне тәнті болып: «Не деген ғажап, не деген нәзіктік, не деген әуезді, ырғақты, үйлесімді сұлулық», — деп жазған.
«Коппелия» балеті композитор шығармашылығындағы белесті туынды болды. Ол бұл балетпен 1869 жылы жұмыс істей бастады. Мұнда композитор басты кейіпкерлерді сипаттайтын лейтмотивтерді шебер қолданып, драматургиялық тұтастыққа қол жеткізді.
Балет музыкасы сыршыл, әсерлі, бейнелі әрі пластикалық сипатқа ие. Онда тірі адам сезімінің әлемі мен жансыз механизм-қуыршақтар әлемі айқын қарама-қарсы қойылған.
Композитор жекелеген билерде — поляк мазуркасында, венгр чардашында, шотланд жигасында және басқа да нөмірлерде — ұлттық фольклор ерекшеліктерін пайдаланған. Сванильданың ерке, ойнақы, нәзік әрі толғанысты бейнесі ерекше айқын ашылған. I бөлімдегі Сванильданың вальсі — балеттің ең танымал нөмірі, ол концерттік сахнада вокалдық нұсқада да жиі орындалады.
Бұл балетте классикалық және характерлі билер, сондай-ақ өзіндік пантомима да ерекше қызықты.
Бұл комедиялық балеттің негізгі сюжеттік желісі, бір қарағанда, Гофманның көңілді емес новеллаларынан, әсіресе «Құм адамынан» алынған. Гофманда жас жігіттің қуыршаққа деген әуестігі трагедиямен аяқталса, балетте оқиға бақытты шешім табады.
«Коппелия» 1870 жылы Париж операсында алғаш рет сахналанды. Оның авторы — хореограф қана емес, биші-виртуоз, би фольклорының білгірі, композитор әрі скрипкашы Артюр Сен-Леон. Оның «әлем халықтарының билеріне» деген айрықша қызығушылығы музыкалық партитурада фольклорлық әуендерге негізделген осындай бай би материалдарының тууына себеп болды.
XIX ғасырдың соңына дейін балет Нью-Йоркте, Лондонда, Брюссельде, Миланда, Копенгагенде, Мюнхенде, Мәскеуде, Петербургте қойылды. XX және XXI ғасырларда да бұл балет өз маңызын жоғалтпай, кейде тіпті трагедиялық финалмен аяқталатын заманауи интерпретацияларға негіз болды.
«Коппелия» балеті Абай атындағы МАОБТ сахнасында 1937 жылы балетмейстер Юрий Ковалевтің қойылымында ұсынылған болатын. Сексен жылдан кейін, 2017 жылғы 20 мамырда, «Коппелия» қайтадан театрымыздың репертуарына оралды.
Гүлжан Тұтқыбаеваның қойылымында балет классикалық және неоклассикалық хореографияны біріктіріп, жаңа жарқын бояуларға ие болды.
Л. Делиб
Коппелия
2 бөлімді балет
Ш. Нюиттер мен А. Сен-Леонның либреттосы
Э. Т. А. Гофман новеллаларының желісі бойынша
Гүлжан Тұтқыбаеваның хореографиясы
Қойылым тобы:
Дирижер – Ерболат Ахмедьяров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Балетмейстер – Гүлжан Тұтқыбаева, Қазақстан Республикасының халық артисі
Суретші – Вячеслав Окунев, Ресейдің халық суретшісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты
Кейіпкерлер
- Сванильда
- Франц
- Коппелиус
- Коппелия, қуыршақ
- Сванильданың құрбылары
- Францтың достары
- Бургомистр
- Таң
- Күн
- Мазурка
- Чардаш
I бөлім
1 көрініс
Қалалық алаңда жас ғашықтар Сванильда мен Франц кездеседі.
Күтпеген жерден оғаш мінезді алхимик, түсініксіз механизмдер жасаушы Коппелиус келеді. Қалалықтар одан сескенеді, ал жастар оны жиі мазақ етеді.
Әдеттегідей уытты қалжың үстінде Коппелиус Франц пен оның достарына сабақ бермек болады. Ол алаңға құпия бейтаныс қызды алып шығады. Сол сәтте барлық жас жігіттер сол қызға ғашық болады.
Сванильда жақында Коппелиустың үйінде пайда болған бейтаныс сұлудың Францты да еліктіріп тұрғанын аңғарады. Ол Францтың назарын өзіне аудармақ болады, бірақ бәрі бекер.
Ғашықтардың арасында реніш туады. Сванильда қызғаныш үстінде ұрыс шығарып, Францтан кек алмақ болады.
Алаңға мерекеге жиналған қалалықтар осы ұрыстың куәгеріне айналады.
Ашуланған Сванильда құрбыларымен бірге жұмбақ бейтаныс қыздың құпиясын білмек болады. Ол бақталасының есімі Коппелия екенін біледі.
Коппелиустың үйінен әлдебір шу естіледі. Терезеден қызғылт сәуле жылтырайды. Қыздардың кейбірі бұл үйден қорқып, қашып кетеді. Коппелиус — үнемі бірдеңе жасап жүретін есі ауысқан жан. Не үшін? Ешкім білмейді. Оның үстіне, бұған кімнің қандай шаруасы бар?
Түнде қала алаңы қаңырап бос қалады. Коппелиус ауыр жұмыс күнінен кейін трактирге демалуға кету үшін үйінен шығады.
Сванильда құрбыларымен бірге жерде Коппелиустың түсіріп алған кілтін байқайды. Ол сұлу бейтаныс қыздың кім екенін білу үшін құрбыларын Коппелиустың үйіне кіруге көндіреді.
Осы сәтте Коппелияға ғашық болып қалған Франц та Коппелиустың үйіне кіруге бел буады.
2 көрініс
Коппелиустың шеберханасы кітаптарға, құрал-саймандарға, қуыршақтар мен автоматтарға толы. Шеберхананы қарап жүрген қыздар Коппелияны байқап, оның қуыршақ екенін түсінеді. Ойын қыза түскенде, құрбылар тетіктерді басып қалып, қуыршақтар қозғала бастайды.
Кенеттен Коппелиус келіп қалып, шақырылмаған қонақтардың үстінен түседі. Ол жас тентек қыздарды қуып жібереді.
Тек Сванильда ғана шкафта тығылып қалып, бөлмеде қалады. Оған Коппелияның көйлегін киюге тура келеді.
Ештеңеден күмәнданбаған қожайын өзінің сүйікті туындысы — қуыршақ Коппелияны қарап шығып, оған ешкімнің тиіспегеніне сенімді болады.
Осы кезде Франц терезеден ішке кіреді. Ол Коппелияға қарай ұмтылады, бірақ оны қуыршақ шебері ұстап алады. Франц оған Коппелияға деген махаббаты туралы айтады.
Сонда Коппелиус баяғы арманын — қуыршақты тірілтуді іске асыруды ұйғарады. Ол Францқа ұйықтататын дәрі қосылған шарап ішкізеді. Сиқырдың көмегімен алхимик Коппелиус Францтың тіршілік күшін Коппелияға бергісі келеді.
Бәрі сәтті болғандай көрінеді: қуыршақ біртіндеп тіріліп, испан биін және жига билей бастайды. Ол барған сайын шапшаң қимылдап, құралдарды құлатып, Францты семсермен түйремек болады. Коппелиус зорға дегенде қуыршақты орнына отырғызады.
Сванильда Коппелиустың сұмдық ойын үрейлене түсініп, Францты оятуға тырысады.
Франц оянып, Сванильда екеуі бірге үйден қашып шығады. Қалжыңның құрбанына айналғанын түсінген Коппелиус автоматтарының арасына әлсіреп құлайды. Ал автоматтар қожайындарының қайғысын мазақ еткендей, қозғалыстарын жалғастыра береді.
II бөлім
3 көрініс
Көптен күткен мейрам басталады. Жаңа қоңырауды көтеру рәсімін тамашалау үшін қала алаңына халық жиналады.
Салтанатты жиынды Бургомистр ашады. Дәл осы мерекеде жұрт қалыңдық пен күйеу жігіт — Франц пен Сванильданы шаттана қарсы алады.
Достары мен құрбылары бақытты қос ғашықты құттықтайды. Барлығы көңіл көтеріп, би билейді.
Тек Коппелиус қана ортақ қуанышты бөлісе алмайды. Қайғыдан қан жұтқан ол өзінің орындалмаған арманын бауырына басады…

Қатысушылар мен орындаушылар
(24 сәуір 2026, 19:00)
- Сванильда Айман Егісбаева
- Франц Рафаэль Уразов
- Коппелиус Әмір Жексенбек
- Коппелия, қуыршақ Ао Ивасаки
- Бургомистр Дәурен Жеңіс
- Чардаш Гүлнәзия Пілтан, Елдар Әбілов
- Сванильданың құрбылары Дина Әуелбек, Ао Ивасаки, Динара Құдабаева, Ақжүніс Төлеген, Нұрай Нұрсафина, Милана Рахимбекова
- Францтың достары Ақыл Жуас, Диас Құбашев, Дарын Таирбеков, Данияр Рысқұл
- Трактирші Әзиз Есенбаев
- Вариациялар: Таң Ақбота Бекболатова
- Вариациялар: Күн Әдия Манабасова
-
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, балеті
- Дирижёр – Мұхтар Қалдаяков