Опера
Күлбикеш
Сипаттама
Россинидің жарқын, серпінді және тапқыр «Золушкасы» — юморға, эмоцияға және әдемі музыкаға толы тірі ертегі, ол оңай баурап алады және шынайы театрлық ләззат сыйлайды.
Екі жүз жыл бұрын Джоаккино Россинидің ең үздік операларының бірі «Күлбикеш», толық атауы «Күлбикеш немесе Ізгілердің мерекесі» Рождество күндері римдік «Валле» театрының тапсырысы бойынша жиырма күн ішінде жазылған болатын. Оның премьерасы 1817 жылы 25 қаңтарда Римде өтіп, кейіннен ұлы композитордың ең көп орындалатын операларының бірі болды. Ш. Перроның атақты ертегі желісін Джоаккино Россини мен либреттист Якопо Ферретти жаңа кейіпкерлермен, желідегі оқыс бетбұрыстармен, қызықты әзілдер және тосын сыйлармен толықтырып күлкілі операға айналдырды. Алғашқы дыбыстан бастап-ақ, опера өзінің ерекше әсемдігімен, үйлесімдігімен, шаттығымен және сиқырлылығымен баурайды. Операда Россини кейіпкерлерді түрлі күлкілі жағдайларға ұшыратып, пендешілікті әзілмен бейнелейді.
200 жыл «Күлбикеш» әлемнің ең үздік опера театрларының репертуарынан орын алып келеді. Енді, міне, Россинидің үздік туындысы өзінің екі жүз жылдығында алғаш рет Қазақстанда Абай атындағы опера және балет театрының сахнасында көрсетіледі.
Дж. Россини
КҮЛБИКЕШ
(La Cenerentola)
3 бөлімді комедиялық опера
либреттосы Я. Ферреттидікі
ҚазҰОБТ премьерасы 2017 ж. 09.12. өтті
Қойылым тобы:
Музыкалық жетекші және дирижер – Асқар Бөрібаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Режиссёр – Ләйлім Иманғазина, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Суретші – Вячеслав Окунев, Ресейдің халық суретшісі, ҚР және РФ Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты (Санкт-Петербург қ.)
Хормейстер – Әлия Темірбекова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Мультимедиа бойынша суретші – Виктория Злотникова (Санкт-Петербург қ.)
Действующие лица
- Күлбикеш (Ченерентола), дон Маньификоның өгей қызы
- Дон Рамиро, ханзада
- Дандини, оның қызметшісі
- Алидоро, ханзаданың қызметіндегі философ
- Дон Маньифико, барон
- Оның қыздары: Клоринда мен Тисбе
Действие первое
Дон Маньифико үйінде бәрі әдеттегідей: оның қыздары Тисбе мен Клоринда сыланып отыр, ал өгей қызы Күлбикеш (итальян тілінде — Ченерентола) үйдің бар шаруасын жасап жүр. Ол өзіне үш апалы-сіңлілердің арасынан мансапқор қызды емес, өнегелі қызды таңдаған патша туралы ән салады.
Есік қағылады — кедей шал келді. Негізінде бұл ханзада Рамироның ұстазы Алидоро. Ол ханзадаға қалыңдық іздеп жүр және бұл үйге қыздардың мінездерін білу үшін әдейі жұпыны киіммен келген. Клоринда мен Тисбе шақырылмаған қонақты қуып шықпақшы болады, ал Күлбикеш оны жайдары қарсы алып, кофе ұсынады. Көңілі елжіреген Алидоро қызға оның мейірімділігі үшін тағдырдың сыйы болатынын айтады.
Хабаршылар Рамиро ханзаданың келгендігін хабарлап, сарайдағы балға шақыру береді. Апалы-сіңлілер Күлбикешке тапсырмалар беріп, жанталаса жиналады. Байғұс қыз сарайға бара алмайтынына қапаланады.
Қыздардың даусынан оянған дон Маньифико ашулы күйде шығады. Ол түсінде қауырсынды, қанатты есекті көреді. Түсін жорып, қыздарының тұрмысқа шығып, өз жағдайының жақсаратынын болжайды.
Қызметші кейпіндегі ханзада Рамиро келеді. Ол өзін емес, шынайы сүйетін қызды табуды армандайды. Күлбикешті көріп, оған ғашық болады. Күлбикеш те оған бейжай қарамайды.
Дандини ханзада кейпінде келеді, бәрі оны шынайы ханзада деп ойлайды. Клоринда мен Тисбе оған назар аударуға тырысады.
Күлбикеш сарайға баруға рұқсат сұрайды, бірақ өгей әкесі қарсы болады. Алидоро оның да үй иесінің қызы екенін айтады. Дон Маньифико оны жоққа шығарады. Күлбикеш шындықты айтпақ болғанда, оны қорқытады. Алидоро Күлбикешке балға баруды ұсынады. Қыз таңырқайды, бірақ бәрі дайын. Оның мейірімділігі мен тазалығы ерекше бағаланады.
Действие второе
Дандини ханзада ретінде дон Маньификоны бас шарапшы етіп тағайындауға уәде береді. Барон қыздарын қалдырып, шарап қоймасына кетеді.
Жаңа қызметінде ол шарапты сумен араластыруға тыйым салады.
Дандини мен Рамиро өз айлаларына риза, өйткені қыздардың шынайы мінезі ашылады.
Клоринда мен Тисбе ханзададан қайсысын таңдайтынын сұрай береді. Ол біреуін таңдап, екіншісін қызметшісіне беретінін айтады. Қыздар ашуланады.
Кенеттен сұлу бейтаныс қыз пайда болады. Барлығы таңырқайды. Маньифико отбасы оның Күлбикешке ұқсастығына алаңдайды.
Действие третье
Дандини Күлбикешке сезімін айтқысы келеді, бірақ қыз оның емес, қызметшісін жақсы көретінін айтады. Мұны естіген Рамиро қуанады. Ғашықтар кездеседі, бірақ Күлбикеш кетіп қалады. Ол білезік қалдырады — дәл сондай білезік таққан қыз ғана оның таңдауы болады.
Рамиро өз киімін киіп, сүйіктісін іздеуге шығады.
Дандини өзінің қызметші екенін мойындайды. Дон Маньифико қатты ұялады.
Дауыл басталады. Қыздар үйге оралады. Күлбикешті көріп, оның балдағы қыз емес екеніне сенеді.
Алидоро ханзаданың арбасын әдейі сындырып, оларды Маньификоның үйіне әкеледі. Рамиро Күлбикештің қолындағы білезікті көріп, оның сүйгені екенін түсінеді. Ол қызды сарайға алып кетеді. Күлбикеш бәрін кешіреді.
Хор тағдырдың өзгермелі екенін, ал мейірімділік пен тазалықтың жеңетінін жырлайды.