Балет
Қызыл Жизель 5 сәуір 2026, 18:00
Сипаттама
Мұрағат
Ұлы өнер тарихтың қатігездігімен бетпе-бет келгенде — трагедия туады. Борис Эйфманның Чайковский, Шнитке және Бизе музыкасына жазылған «Қызыл Жизель» балеті — дарынының құнын жалғыздықпен өтеген жанның және өзін жоғалтқан заманның жан түршігерлік хикаясы.
Борис Эйфман
Қызыл Жизель
П. Чайковскийдің, А. Шниткенің, Ж. Бизенің музыкасына жазылған балет
Екі бөлімді балет
ҚазҰОБТ премьерасы 2010 ж. 20.10 өтті
Өндіріс тобы:
Қоюшы-балетмейстер – Борис Эйфман, Ресейдің халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты (Санкт-Петербург қ.)
Суретші – Мартинс Вилькарсис (Рига қ.)
Костюм суретшісі – Вячеслав Окунев, РФ халық суретшісі, РФ мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты (Санкт-Петербург қ.)
Суретші-жарықтандырушы – Игорь Капустин (Таллин қ.)
Балетмейстердің көмекшісі – Алина Солонская (Санкт-Петербург қ.), Сергей Зимин (Санкт-Петербург қ.)
Қатысушылар
- Балерина
- Чекист
- Мұғалім
- Серіктес
- Дос
- Әйелдерге арналған сабақ, француз сабағы, сауық-сайран, чекисттер, виллистер, триумф, шаруалар, чарльстон, қошеметшілер
«Біздің спектакль ХХ ғасырдың ең атақты балериналарының бірі Ольга Спесивцеваға арналады. Оның өмір жолымен танысқанда мен терең толқыдым: бірегей актриса, атақ-даңқтың шыңына шыққан, сыншылар мен табынушылардың құрметіне бөленген жан Нью-Йорк маңындағы психиатриялық клиникада жиырма жыл бойы жалғыз әрі қорғансыз күй кешті. Мен сезінген сол қасіретті толғаныс осы қойылымның дүниеге келуіне түрткі болды. Бұл — Спесивцеваның өмірбаянын баяндау емес, оның тағдырын және Ресейден кетуге мәжбүр болған талай дарын иелерінің трагедиясын жинақтап көрсетуге жасалған талпыныс.
Спесивцева — теңдессіз Жизель еді. Ол кейіпкерінің әлеміне соншалық терең бойлап, шынайы өмірге қайта оралуға дәрмені жетпей қалды: Жизельдің тағдыры оның өз тағдырына айналды. Прима-балерина бола тұра, революциялық Петроградтың қанды оқиғаларына араласуы оның өміріне ауыр із қалдырды. Қызыл таңба тағдырдың белгісіндей соңынан қалмай, жанын мазалады. Эмиграция шығармашылықта да, жеке өмірінде де үлкен күйзеліс әкеліп, ақыры орны толмас трагедияға ұластырды.
Бұл спектакль арқылы біз тағдыры қайғылы ұлы балерина Ольга Спесивцеваның рухына тағзым етуді мақсат еттік».
Борис Эйфман
Бірінші бөлім
Революциялық Петроград. Бұрынғы императорлық театрдың балет класында классикалық би сабағы өтіп жатыр. Қатал әрі талапшыл Мұғалім бишілердің арасынан әсемдігі мен мінсіз қозғалысы арқылы өзінің идеалын бейнелейтін қызды айрықша бөліп көрсетеді.
Алтынмен апталған көрермендер залы. Балеринаның өнері зор қошеметке ие болады. Қол соғушылардың арасында жаңа биліктің өкілі — Чекист те бар. Оны тек өнер емес, Балеринаның өзі де баурайды. Дөрекі қысым мен өктем құшақ қыздың еркін басады.
Чекист Балеринаны революциялық топтың беймәлім, қатал әлеміне енгізеді. Қанды дүрбелең жойқын мерекеге айналады. Балерина да бір сәтке Мұғалім өсиетін ұмытып, сол мерекенің кейіпкеріне айналады. Алайда рухани құндылықтар күйрету құмарлығынан үстем түсіп, ол қайтадан балет класына, ұстазының жанына оралады.
Театр қабырғасында жаңа, аяусыз билік орнайды. Ақ балериналар қызыл идеяның тілсіз құралына айналуы тиіс. Мұғалім жан күйзелісінде, бірақ ештеңе өзгерте алмайды.
Балерина мен Чекист арасындағы сезім — құштарлық пен жеккөрушілік, ынтықтық пен түсінбеушілік арасындағы арпалыс. Ақыры Чекист Балеринаның Ресейден біржола кетуге бел буған эмигранттарға қосылуына қарсы болмайды.
Екінші бөлім
Париждегі Гранд Опера театрының балет класы. Танымал биші-хореограф репетиция жүргізуде. Оның ұсынған пластикасы Балеринаға тосын болса да, шабытты шебердің өнері оны өзіне тартады. Ортақ шығармашылық екеуін де салтанатты табысқа жетелейді.
Балеринаның жүрегінде туған сезім жауапсыз қалады. Жауапсыз махаббат пен жат елдегі жалғыздық жанын жаралап, рухани күйзелісті тереңдете түседі.
Балерина думанды Париждің қызығына беріліп, бәрін ұмытпақ болады. Бірақ өткеннің елестері маза бермейді. Революцияның қызыл алауы, Чекистің қорқынышты бейнесі санасын қайта-қайта мазалайды.
Әлемдік даңқ әкелген сүйікті рөлі — Жизель де жан жарасын жазбайды. Жизельдің тағдыры оның өз тағдырына айналады: сатқындық, ессіздік. Айнадағы бейнелер ұлы Балеринаның сырқат санасын сан құбылтып, «айна арғы бетіндегі» елес әлем ғана оған құтқарылу жолындай көрінеді…

Қатысушылар мен орындаушылар
(5 сәуір 2026, 18:00)
- Балерина Жанель Түкеева
- Чекист Архат Әшірбек
- Ұстаз Нұрсұлтан Алпамысұлы
- Серіктес Рүстем Иманғалиев (алғашқы орындауы)
- Дос Рафаэль Уразов