Опера
Мадам Баттерфляй 18 сәуір 2026, 18:00
Сипаттама
Махаббат, күту және үміттің күйреуі туралы жүрекке жететін опера, мұнда нәзік лирика терең адамдық драмамен астасады. Эмоциялық қуатқа, трагедиялық сұлулыққа және әлемдік опера өнеріндегі ең әсерлі музыкалық партитуралардың біріне толы оқиға.
Дж. Пуччини
Мадам Баттерфляй
үш бөлімді опера
Дж. Лонгтың новелласы желісінде жазылған
Л. Иллик пен Дж. Джакозаның либреттосы
Д. Беласконың аттас драмасы негізінде қойылған
ҚазҰОБТ жаңа қойылымның премьерасы 2022 ж. 14.12. өтті
Қойылым тобы:
Қоюшы-дирижері – Ерболат Ахмедьяров, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы-режиссері – Наталья Кагадий
Қоюшы-суретшілер:
Сценографиясы — Владимир Пономарёв
Костюмдер бойынша суретшісі – Әйгерім Бекмұхамбетова
Бейнепроекция суретшісі — Марат Сағадинов
Бас хормейстер – Әлия Темірбекова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
Пластикалық шешім бойынша педагог-репетиторы – Алма Асқарбекова,
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
Қатысатын тұлғалар
- Чио-Чио-сан (Мадам Баттерфляй)
- Сузуки, қызметшісі
- Пинкертон, американдық флот лейтенанты
- Кэт Пинкертон, лейтенанттың жұбайы
- Шарплес, Нагасакидегі американдық консул
- Горо, маклер-айттырушы
- Бонза, Баттерфляйдың нағашысы
- Ханзада Ямадори
- Комиссар
Бірінші көрініс
Американдық әскери-теңіз флотының лейтенанты Пинкертон жомарт сыйақы беріп, жергілікті айттырушы Гороның көмегімен Баттерфляй деген лақап атқа ие жас жапон қызы Чио-Чио-санға үйленбекші. Горо Пинкертонға болашақ ерлі-зайыптыларға арналған жалға алынған үйді көрсетіп, үйлену тойына дайындықтың аяқталғанын айтады. Консул Шарплес Пинкертонды асығыс қадам жасамауды сұрайды, алайда лейтенант жалған некеге тұру ниетін жасырмайды. Отанына оралғаннан кейін ол америкалық әйелмен заңды некеге тұратынын айтады.
Үйлену тойының мерекелік рәсімі осылай басталады.
Шарплес жас гейшаны ерекше ықыласпен қарсы алады. Алайда Чио-Чио-сан консулға өзінің құрметін білдіре отырып, лайықты жауап береді. Неке қию рәсімі өтіп, Чио-Чио-санның ағасы Бонзаның кенеттен пайда болуы салтанатты шараны тоқтатады. Бонза жиеніне бөтен адамға тұрмысқа шығып, ата-бабаларына опасыздық жасап, басқа дінді қабылдағаны үшін қарғыс айтады. Жақындары Чио-Чио-саннан бас тартып, үйлену тойы бұзылады. Жалғыз қалған Пинкертон қызды жұбатып, екеуі бұрын сезінбеген ерекше күйге бөленеді.
Екінші көрініс
Чио-Чио-сан үйлену тойынан кейін кетіп қалған жұбайының оралуын үш жыл күтуде. Туыстары бас тартқан ол өзінің қызметшісі Сузукимен бірге тұрады. Пинкертон күнкөріске қалдырған ақша таусылуға таяды, ал Чио-Чио-сан оның келетініне үмітін үзер емес. Бір күні үйіне Горо мен Шарплес келіп, Пинкертоннан хат әкеледі. Чио-Чио-сан қуаныштан хатты өзі оқи алмай, консулдан оны оқып беруін сұрайды. Алайда Шарплес хатты соңына дейін оқи алмайды. Күйеуінің амандығын естіп, жақын арада Нагасакиге келетінін түсінген Чио-Чио-сан Шарплестің сөзін бөледі. Сол уақытта ханзада Ямадори пайда болып, Горо оны Чио-Чио-санға табандылықпен үйлендіргісі келеді. Ұсыныстан бас тартқан ханзада тағы да кетуге мәжбүр болады. Шарплес Пинкертонның қайтып келмеуі мүмкін екенін меңзеп, Чио-Чио-санға Ямадоридің ұсынысын қабылдауға кеңес береді. Чио-Чио-сан Шарплестің ұсынысына қорланып, Пинкертоннан Долоре есімді ұлы бар екенін мойындайды. Порттан зеңбірек дауысы естіледі, бұл – Пинкертонның америкалық кемесінің келгенін білдіреді. Чио-Чио-сан қуанышты көңіл-күймен үйін гүлдермен безендіріп, тоқтаған кеменің шамдарына қарап, күйеуін күтеді.
Үшінші көрініс
Чио-Чио-сан Пинкертонды күтумен ұйқысыз түн өткізеді. Шаршаған, әрі бақытты ол ұлын ұйықтатуға алып кетеді. Сол сәтте Сузуки Гороға еріп келген Пинкертон мен Шарплесті көреді. Қуаныштан толқыған Сузуки олармен бірге келген ханымды бірден байқамайды. Шарплес Сузукиға оның Пинкертонның әйелі Кэт екенін ашып айтады. Пинкертон ұлы бар екенін естіп, бала олардың заңды некесін сақтауға көмектеседі деген үмітпен оны алып кетуге келгенін айтады. Бірақ Пинкертонға Чио-Чио-санның қасында болған керемет сезімді еске түсіретін жерде болу өте ауыр тиеді. Кеудесін кернеген естеліктерден қашқысы келген Пинкертон кетіп қалады. Чио-Чио-сан келіп, Пинкертонды іздеген кезде бейтаныс әйелді байқайды. Оның жүрегі алда болатын қайғыны сезеді. Ұлының әкесінің еркіне мойынсұнып, баланы беруге келіседі, алайда үмітінің күйрегенін қабылдай алмайды. Чио-Чио-сан ұлымен қимастықпен қоштасып, әкесінің жолымен самурай кодексіне сәйкес рәсім жасайды.

Қатысушылар мен орындаушылар
(18 сәуір 2026, 18:00)
- Чио-Чио-сан (Баттерфляй) Жәмила Баспақова, ҚР Халық артисі
- Сузуки Дина Хамзина, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
- Бенджамин Франклин Пинкертон Ерұлан Камел
- Кэт Пинкертон Мадина Ерланова
- Шарплес Олег Татамиров, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
- Горо Дархан Жолдыбаев
- Ханзада Ямадори Мақсат Саматов
- Бонза Жандарбек Еркінбаев
- Комиссар Шыңғыс Нұрғалиұлы
-
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, хоры және балет труппасы
- Дирижёр — Рүстем Қабылбай