Концерт
Отанға деген сүйіспеншілікті жырлаған әуен 4 қараша 2026, 19:00
Сипаттама
4 қараша күні ARTE галереясында қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, композитор, педагог, Қазақстанның халық әртісі Базарбай Жұманиязовтың 90 жылдығына арналған концерт өтеді.
Базарбай Жұманиязовтың музыкалық мұрасы – ұлттық өнеріміздің асыл қазынасы. Композитор шығармаларынан туған жерге деген сүйіспеншілік, қазақ халқының рухани болмысы мен мәдениетінің байлығы айқын сезіледі.
Кеш барысында көрермен назарына композитордың өзіндік қолтаңбасын, терең шығармашылық әлемін және ұлттық музыканың көркемдік ерекшелігін танытатын туындылар ұсынылады.
Бұл концерт – қазақ музыка өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның шығармашылығына көрсетілген құрмет әрі оның рухани мұрасын ұлықтауға арналған тағылымды кеш.