Pro-звезду - КазНТОБ имени Абая
Pro-звезду - Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры
Шығармашылық кездесу

Pro-звезду 17 қазан 2026, 18:00

Сипаттама

Мұрағат

Құрметті өнерсүйер қауым!

Театрымыз «PRO-жұлдыз» атты жаңа жобасын ұсынады. Бұл — сүйікті әртістеріңізбен емен-жарқын әңгімелесіп, олардың шығармашылық жолы, шабыт көздері мен сахна сыртындағы өмірі туралы білуге арналған ерекше кездесу.

«PRO-жұлдыз» — өнер иелерін жақынырақ танудың тамаша мүмкіндігі.

«PRO-жұлдыз» — театр өмірінің сахна сыртындағы қыр-сырына үңіліп, әртістің шығармашылық жолы, сахнадағы ізденістері, шабыт көздері мен көп жағдайда сахна сыртында қалатын жеке оқиғалары туралы білуге мүмкіндік беретін ерекше жоба. Көрермендерді жылы әрі жайлы атмосфера, жанды сұхбат, қызықты сұрақтар мен сүйікті әртістерін сахналық бейнесінен тыс танып-білу мүмкіндігі күтеді.

17 қазанда сағат 18:00-де Е. Серкебаев атындағы Камералық залда Қазақстан Республикасының халық әртісі, прима-балерина, балет труппасының көркемдік жетекшісі Гүлжан Тұтқибаевамен шығармашылық кездесу өтеді.

Қатысушылар мен орындаушылар

(17 қазан 2026, 18:00)
  • Гүлжан Тұтқибаева, Қазақстан Республикасының халық әртісі
  • Билет сату аяқталды. Басқа күнді таңдаңыз

  • Күні

    17 қазан 2026, 18:00 (сенбі)

  • Жанр/Формат

    Шығармашылық кездесу

  • Ұзақтығы

    1 сағат

  • Жас шектеулері 15+

Байланыс

Сатып алулар және комплаенс

Тіл таңдау