Балет
Щелкунчик 19 желтоқсан 2026, 18:00
Сипаттама
«Щелкунчик» — волшебная рождественская история о девочке Кларе, которая получает в подарок необычную куклу. В новогоднюю ночь игрушка оживает и приводит её в мир чудес, где их ждут приключения, сражение с Мышиным королём и путешествие в сказочную страну Сладостей. Это сказание о силе добра, мечте и превращениях, которые случаются только в волшебную ночь.
М. Петипаның либреттосына жазылған П. И. Чайковскийдің «Щелкунчик» екі бөлімді балетін композитор 1892 жылдың басында аяқтады.
«Щелкунчиктің» музыкасы алғаш рет 1892 жылы 7 наурызда Петербургте Орыс музыка қоғамының (ОМҚ) симфониялық концерттерінің бірінде орындалды.
Композитордың ағасының айтуынша, «жаңа шығарма сәтті болды. Сюитаның алты нөмірінің бесеуі тыңдармандардың бірауыздан сұрауымен қайта орындалды».
Петербург қаласындағы Мариин театрының сахнасында 1892 жылы 6 желтоқсанда балеттің театрлық премьерасы жоғары деңгейде өтті.
«Щелкунчиктің» партитурасы музыка мәдениетіне Чайковский мұрасының ең асыл туындыларының бірі ретінде енді. Мұнда композитордың музыкалық драматургиясы мен кемел симфониялық өнерінің үздік қырлары классикалық айқындықпен әрі толық үйлесіммен тоғысты.
Біздің театрымызда «Щелкунчик» балеті В. Вайноненнің қойылымында көптеген жылдар бойы сахналанып келеді және әрдайым көрермендердің қызығушылығына бөленуде. Қазақстан Республикасының халық әртісі Гүлжан Түткібаева мен суретші Вячеслав Окуневтің жаңа балет қойылымында сценографияның жаңа технологияларын қолдану және балеттің мазмұнын жаңаша пайымдау көзделген.
П. И. Чайковский
ЩЕЛКУНЧИК
2 бөлімді балет
Либреттосы мен хореографиясы Ресейдің еңбек сіңірген әртісі В. Вайнонендікі
Э. Гофманның ертегісі бойынша, ҚР халық әртісі Г. Түткібаеваның өңдеуінде
Қойылым тобы:
Дирижер – Ерболат Ахмедияров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Балетмейстер – Гүлжан Түткібаева, Қазақстан Республикасының халық әртісі
Суретші – Вячеслав Окунев, Ресейдің халық суретшісі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Хормейстер – Әлия Темірбекова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қатысушылар мен орындаушылар
- Клара
- Щелкунчик – ханзада
- Дроссельмайер, Клараның кіндік әкесі
- Зильберхаус, үйдің қожайыны
- Зильберхаустың әйелі
- Франц, Клараның ағасы
- Тышқандар патшасы
- Арлекин
- Коломбина
- Араб
- Бақташылар
- Ханымдар, кавалерлер, шыршаға жиналған қонақтар мен балалар, тышқандар, сарбаздар, қар ұшқындары және гүлдер
П. И. Чайковский «Щелкунчик»
I бөлім
1-көрініс
Шағын неміс қалашығында, Зильберхаустың үйінде рождестволық шырша мерекесіне қонақтар жиналуда. Әсем безендірілген шыршаны көрген Зильберхаустың балалары – Клара мен Франц және кішкентай қонақтар мәз-мейрам. Балалар берілген сыйлықтарға қуанып, ойнап жүр.
Барлық қонақтар жиналды, олардың арасында кішкентай Клараның кіндік әкесі – Дроссельмайер де бар. Балалар оның келуін асыға күтеді, себебі әзілқой қария үнемі қызықты бірдеңе ойлап табады. Бүгін де ол балаларға Араб, Арлекин және Коломбина костюмдеріндегі үлкен механикалық қуыршақтарды тарту етеді. Іске қосылған қуыршақтар билей бастайды. Балалар мәз-мейрам, ал Дроссельмайер тағы бір тосын сый жасайды. Бұл – жаңғақ шаға алатын жаңа, қызықты қуыршақ – Щелкунчик.
Бұл қуыршақ Клараның көңілінен шығады. Бірақ тентек Франц Щелкунчикті әпкесінен тартып алып, сындырып тастайды. Клара мұңайып қалады, бірақ кіндік әкесі Щелкунчикті жөндеп береді. Мереке жалғасып, қонақтар көне биді билейді.
Кеш аяқталып, қонақтар үй-үйлеріне қайтады. Балалардың ұйықтайтын уақыты келді.
Кішкентай Клара сүйікті қуыршағын құшақтап, ұйқыға кетеді де, сиқырлы әлемге енеді.
2-көрініс
Таңғажайып сиқыр басталады. Шырша өсе-өсе алып көлемге жетеді. Еденнің саңылауларынан көптеген жарқыраған оттар пайда болады. Олар қаптап көбейіп, бөлме тышқандарға толады. Еденнің астынан Тышқандар патшасының қорқынышты бейнесі шығады. Қорыққан Клара қорғаныш іздеп, Щелкунчикке қарай қашады.
Сақшы зеңбіректен оқ атып, сарбаздарды шайқасқа жинайды.
Щелкунчик сарбаздар жасағын басқарып, Тышқандар патшасымен және оның әскерімен шайқасқа түседі. Жау әскерінің басымдығын көрген Клара Щелкунчикке көмекке келеді. Олар шайқаста тышқандар әскерін жеңіп, жеңіске жетеді.
Кенеттен ұсқынсыз Щелкунчик сұлу ханзадаға айналады. Ол Клараға өзімен бірге баруды ұсынады. Олар ертегідегідей қар ұшқындары билеген қысқы орманға тап болады.
II бөлім
Ханзада мен Клара қиял-ғажайып ертегідегі Тәттілер еліне саяхат шегеді. Ол жерде оларды түрлі тәттілер қарсы алады.
Мереке басталады: Шоколад испан биін, Кофе шығыс биін, Шай қытай биін билейді, «Трепак» орыс биі мен бақташылар биі орындалады. Клара мен ханзаданың қуанышында шек жоқ.
Барлығы билеп, көңіл көтеруде…
Клара қиял-ғажайып түсінен оянып, сүйікті қуыршағы – Щелкунчикпен қалады.

(19 желтоқсан 2026, 18:00)
- Клара Жанель Түкеева
- Щелкунчик – ханзада Сырым Аюпов
- Зильбергаус – үй иесі Әзиз Есенбаев
- Зильбергаустың әйелі Әнел Омарова
- Дроссельмайер Архат Әшірбек, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
- Франц Диас Құбашев
- Коломбина Гүлбаршын Қасаболат
- Арлекин Әлишер Қасымхан
- Арап Арнұр Түсіпбеков
- Тышқандар патшасы Аспан Бекбай
- Шоколад (испан биі) Гүлнәзия Пілтан, Елдар Әбілов
- Шай (қытай биі) Диас Құбашев, Ао Ивасаки
- Орыс биі «Трепак» Ксения Моисеева, Анастасия Микитенко, Мансұр Бейбітханұлы
- Бақташылар биі Нұрай Нұрсафина, Әлишер Қасымхан
- Қарттар Малика Усенова, Дәурен Нұржанов
- Кавалерлер Арнұр Түсіпбеков, Нұрсұлтан Алпамысұлы, Елдар Әбілов, Айдар Әзбеков
- Шығыс Томирис Ақын, Нұрсұлтан Алпамысұлы
-
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, хоры және балеті
- Дирижер – Мұхтар Қалдаяқов