Балет
Сильфида 3 мамыр 2026, 18:00
Сипаттама
«Сильфида» — махаббат, арман мен тағдырлы арбау тоғысатын, романтикалық репертуардағы ең поэтикалық балеттердің бірі. Әуе жеңілдігіндей хореография, Х. Левенсхольд музыкасы және шотланд аңызының тылсым атмосферасы бұл спектакльді қайта оралғың келетін нәзік те әсерлі театрлық сезімге айналдырады.
Х. Левенсхольд
Сильфида
2 көріністі романтикалық балет
Либреттосын жазған А. Нурри және Ф. Тальони
А. Бурнонвильдің хореографиясы, Э. М. фон Розеннің редакциясында
ҚазҰОБТ жаңа қойылымының премьерасы 2024 ж. 8.06-да өтті
Қойылым тобы:
Қоюшы-дирижёр – Нұржан Байбосынов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы ҚазҰОБТ бас дирижері
Қоюшы-балетмейстер – Леонид Сарафанов, Мариин театрының премьері, «Benois de la Danse», «Алтын маска», «Алтын софит» театр сыйлықтарының лауреаты (Санкт-Петербург қ.)
Қоюшы-суретші – Вячеслав Окунев, Ресейдің халық суретшісі, Қазақстан, Молдова, Беларусь республикаларының Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты (Санкт-Петербург қ.)
Қатысушылар
- Сильфида
- Анна, фермердің жесірі
- Джеймс, Аннаның ұлы
- Эффи, Аннаның жиені, Джеймстің қалыңдығы
- Медж, балгер
- Ненси, Эффидің құрбысы
- Герн, шаруа
- Шаруалар, сильфидалар, мыстандар – балет әртістері
Бірінші көрініс
Шотландиялық шаруа жігіт Джеймске оның Эффимен үйлену тойының алдында ауаның баурап алатын рухы – Сильфиданың елесі көрінеді. Ол каминнің жанында ұйықтап жатқан Джеймстің айналасында қалықтап, оны сүйіп оятады. Джеймске ғашық болған Сильфида оны еліктіріп, қарапайым тазалығымен баурап алады. Джеймс Сильфиданы ұстауға тырысады, бірақ ешнәрсе шықпайды. Жиналған қонақтардың арасында тек Джеймске ғана көрінетін Сильфида қайта пайда болады.
Медж балгер Эффиге мүлдем басқа күйеу жігітті – Гернді болжайды. Ашуланған Джеймс балгерді қуып жібереді. Медж кек сақтаған күйі кетіп қалады. Үйлену тойы үстінде Сильфида қайта пайда болып, неке жүзігін ұрлап кетеді. Сезімнің жетегіне ерген Джеймс қатты қайғырған Эффиді қалдырып, Сильфиданың артынан асығып жүгіріп кетеді.
Екінші көрініс
Қолында ұзын жібек мойынорамалы бар Медж қайнап жатқан қазанға еңкейіп, күбірлеп, дуалайды.
Сильфидалардың патшалығы дуаланған орманда. Джеймс өзінен алыстай берген Сильфиданың соңынан ере барады, бірақ оған қолы жетпейді. Ол Джеймске бұлақтан су, біресе жидектер бергендей болып, алдында пайда бола береді. Джеймс оны ұстауға тырысады, бірақ Сильфида өзін ұстатпайды.
Сол кезде балгер Джеймске Сильфиданы ұстауға көмектесетін сиқырлы орамалды ұсынады. Расында да, Джеймс орамалды Сильфиданың иығына жапқанда, ол қанаттарынан айрылып, ұша алмайды, өмір де сүре алмайды екен. Медж жеңіске жетті – ол кек алды!
Сильфиданың өлі денесін құрбылары аспанға, бұлттардың арасына алып кетеді. Джеймстің шарасы жоқ.
Алыстан Эффи мен Герннің үйлену тойының шеруі көрінеді…

Қатысушылар мен орындаушылар
(3 мамыр 2026, 18:00)
- Сильфида Айман Егісбаева
- Джеймс Данияр Рысқұл, алғашқы орындауы
- Медж, балгер Әмір Жексенбек
- Эффи, Джеймстің қалыңдығы Динара Құдабаева
- Үй қожайыны Елдар Әбілов
- Анна, фермердің жесір әйелі Әнел Омарова
- Герн, шаруа адамы Нұрсұлтан Алпамысұлы
- Нэнси, Эффидің құрбысы Ао Ивасаки, алғашқы орындауы
- Сильфтер, шотланд шаруалары, қарттар, балалар, зұлым сиқыршылар балет әртістері
-
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі
- Дирижёр – Мұхтар Қалдаяқов