Балет
Ұлы Жібек Жолы 27 маусым 2026, 18:00
Сипаттама
«Ұлы Жібек жолы» балеті — болашақтың суық қаласынан Ұлы Жібек жолына жетелейтін поэтикалық сапар; онда махаббат иллюзияны жеңеді.
Әйгерім Еркебаева
Ұлы Жібек жолы
2 актілі балет
Либретто авторы және қоюшы-балетмейстер – Гүлжан Түткібаева
ҚазҰОБТ сахнасындағы премьерасы 29.11.2025 ж. өтті
Қойылым тобы:
Қоюшы-балетмейстер – Гүлжан Түткібаева, Қазақстанның халық әртісі
Қоюшы-дирижер – Қуаныш Исмаилов
Дирижер – Қанат Омаров
Қоюшы-суретші және костюмдер бойынша суретші – Александра Рычкова
Жарық бойынша суретші – Татьяна Мишина, «Алтын маска» сыйлығының лауреаты (Мәскеу қ., Ресей)
Видеоконтент бойынша суретші – Марат Сағадинов
Балетмейстердің ассистенттері – Гүлвира Құрбанова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері; Руслан Кадыров; Олжас Маханбетәлиев
Кейіпкерлер
- Жас жігіт
- Ақсұңқар
- Венециялық саудагер
- Ақсақал
- Бас монах
- Ақсұңқардың құрбылары
- Дәмдеуіштер биі
- Азғырушы
- Монахтар, Жұлдыздар, Рубиндер, Болашақ қаласы, Жігіттер, Жібек биі, Шамдар биі
1-акт
Болашақтың қаласы
Адамдар бір-бірінен алыстап, мейірім мен жылулықты ұмытқан. Олар телефонға байланып, технологияның шырмауында қалғандықтан, жүзбе-жүз көрісіп, тілдеспейді. Көшеде көрісіп, жанарлары тоғысса да, жылулық сезілмейді. Дегенмен, бұл қатыгез әлемде жүрегі мейірімге толы бір жас жігіт бар. Ол адамдардың бойынан шынайы сезім мен жылулық іздейді. Бірақ айналасындағы жандардан шынайылығына жауап ретінде тек немқұрайлылық пен ашу-ыза көреді.
Бір күні ол данагөй қариямен жолығып қалады. Қария Ұлы Жібек жолы жайлы естеліктерімен бөліседі. Хикаялар жігіттің жүрегіне үміт ұялатып, шынайы махаббатты іздеуге шабыттандырады.
Жұлдызды аспанның жарығы оны ертедегі замандарға, Ұлы Жібек жолының гүлденген дәуіріне жетелеп ала кетеді.
Ұлы Жібек жолы дәуірі
Ежелгі түркілердің керуен-сарайлары алыстан келген көпестерді қарсы алуға әрдайым дайын. Базар алаңында өмір қайнап жатыр. Қала билеушісінің қызы Ақсұңқар зергерлік әшекейлерге тамсанып, құрбыларымен бірге нәзіктігін билеген би арқылы паш етеді. Қыздың сұлулығына тамсанған жас жігіттің жүрегін бұрын-соңды болмаған сезім билейді. Жас жігіт оның сұлулығына, жанарындағы шынайылыққа таңырқап, көңілі толқиды. Ол қызға жақындаған сәтте жанарлары тоғысып, уақыт тоқтағандай көрінеді.
Базарға парсы көпестері келіп, көз жауын алатын түрлі-түсті маталар мен кілемдерді ұсынады. Бұл жұрттың көңілін көтереді. Батыр жігіттер өздерінің ептілігі мен қайратын көрсетіп, Ақсұңқардың жүрегін жаулап алғысы келеді. Ал үнді көпестері хош иісті дәмдеуіштерін әкеліп, алаңды балғын иістерге бөлейді.
Жас жігіт Ақсұңқармен бірге керуен-сарайдың сиқырлы әлеміне еніп, екеуінің арасында махаббат оты тұтанады. Олар бір-бірі үшін жаралғандай көрінгенімен, олардың бақытына кедергі келтіретін сәт те таяп қалған еді.
Венециядан келген айна сататын ерекше көпес Ақсұңқардың сұлулығына тамсанып, сиқырлы айнасымен оны ұйықтатып, өзімен бірге алып кетеді.
Жігіт сүйіктісін құтқару үшін алыс сапарға аттанады.
2-акт
Жолаушылар Қытай жеріне жеткен тұста, Жібек мерекесі өтіп жатады. Көпестер қымбат әрі сапалы жібек маталарды сатып алып, керуендеріне тиеп жатыр. Жібекпен билеген қыздардың қимылы арман мен шындықтың үйлесіміндей болғанымен, жас жігіттің жүрегінде тек Ақсұңқарға деген сағыныш оты маздайды.
Айна сатушы жас жігітті аңдып жүреді. Ол қарапайым көпес емес, адамдардың жандарын ұрлап, айнасына қамайтын сиқыршы еді. Әрбір айна — жалған бейнелер мен елестер әлемі. Жас жігіт өмір сүрген дәуірде де адамдар дәл осылай — цифрлық әлемнің тұтқынына айналған.
Адам тағдырын ұрлаушы саудагер Ақсұңқарды мәңгі тұтқында ұстап, жігіттің соңғы үмітін жоюға тырысады.
Жігіт Тянь-Шань тауларына жол тартады. Сол жерде қасиетті от сақталған ежелгі ғибадатхана бар. Монахтар шафран түстес киім киіп, шам жарығында дұғаларын оқып отырады. Жігіт олардан көмек сұрайды. Монахтар оған байлыққа, билікке және азғыруға қарсы тұратын рух сынағынан өтуді ұсынады. Жігіт сынақтан сүрінбей өтіп, ұлы күшке ие болады. Осы күшпен ол айна сатушымен шайқасқа түседі. Қасиетті күштің сәулесін сиқырлы айналарға бағыттап, оларды сындырып жібереді. Айналар жарылып, адамдардың жандары азат болады. Махаббат оты жалғандықты жеңеді.
Ақсұңқар көкжиекке сіңіп, ғайып болады, бірақ оның нұрлы бейнесі жігіттің жүрегінде мәңгі қалады.
Жігіт өз уақытына оралады. Суық қала, немқұрайлы адамдар. Бірақ енді бәрі басқаша: ол жүрегіндегі махаббат отын айналасындағыларға таратады. Ол от адамдардың жүрегін жылытып, әлемді өзгертеді.

Қатысушылар мен орындаушылар
(27 маусым 2026, 18:00)
- Жас жігіт Сырым Аюпов
- Ақсұңқар Ақбота Бекболатова
- Венециялық саудагер Арқат Әшірбек
- Бас монах Дарын Таирбеков, алғашқы орындауы
- Азғырушы Гүлназия Пілтан, Томирис Ақын, Айшолпан Жақсылықова
- Ақсақал Дәурен Жеңіс
- Дәмдеуіштер биі Гүлім Тұрсынғалиева, Томирис Ақын, Айшолпан Жақсылықова
- Рубиндер Динара Құдабаева, Варвара Пономаренко, Гүлбаршын Қасаболат, Ариса Хасимото, Ао Ивасаки
-
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі және балет труппасы
- Дирижер – Қанат Омаров