Оперетта
Жарқанат
Сипаттама
«Жарқанат» — Иоганн Штраустың маскарадтар, махаббат интригалары және көңілділіктің салтанаты туралы классикалық опереттасы.
И. Штраус
ЖАРҚАНАТ
2 актілі оперетта
Либретто авторлары: Карл Хаффнер және Рихард Жене
Юлиус Родерих Бенедикстің «Түрмеде» фарсы және Анри Мельяк, Людовик Галевидің «Жаңа жыл кеші» водевилі негізінде жазылған
Орыс тіліне аударған: Николай Эрдман және Михаил Вольпин
Действующие лица
- Генрих Айзенштайн
- Розалинда – оның әйелі
- Адель – үй қызметшісі
- Фальк – театр директоры
- Альфред
- Орловский – князь
- Франк – түрме директоры
- Түрме кезекшісі
- Түрме кезекшісінің көмекшісі
- Блинд – адвокат
- Бейтаныс
І акт
Дәулетті Айзенштайндар әулетінде актриса болуды армандайтын сүйкімді қыз Адель үй қызметшісі болып жұмыс істейді. Оның қожайыны Розалиндаға ғашық жігіт Альфред терезенің алдында серенада шырқап тұр. Ол өз ғашығымен оңаша қалу үшін Адельге князь Орловскийдің маскарад балына арналған шақыру билетін ұсынады. Адель бұл хабарға қатты қуанып, қожайынынан рұқсат сұрауға және балға лайық көйлек табуға қамданады. Бірақ Розалинда оның өтінішін қабылдамайды.
Осы сәтте үйдің иесі, қаржыгер Генрих Айзенштайн келеді. Ол өзіне тиесілі емес жерде аң аулағаны үшін сегіз күнге абақтыға қамалатынын хабарлайды. Бұл жағдайға Генрих өзін емес, адвокаты Блиндті кінәлайды. Көп ұзамай Блинд келіп, істі қайта қаратуға уәде береді. Генрих пен Розалинда адвокатқа ренжулі. Адвокат кеткен соң ерлі-зайыптылар оңаша қалып, Генрих оқиғаның мән-жайын айтып береді. Әңгіме барысында оның бір нәрсені жасырып отырғаны сезіліп қалады. Сол кезде қонаққа келген досы, театр директоры Фальк өтірік көлгірсіп, жағдайды жөндеуге тырысады. Ол Генрихке, әйеліне білдіртпей, түнгі балға маркиз де Карамболь есімімен барып, түрмеге тек таңертең баруды ұсынады. Бұл қитұрқы жоспар Айзенштайннің көңілінен шығады.
Қоштасар сәтте жұбайлар бір-бірін қимай әзер қоштасады. Генрих мұңлы Розалинданы жалғыз қалдырып кетеді. Осы сәтті пайдаланған Альфред Розалиндаға келіп, өзін «қожайын» сезініп, шарап ішіп отырған кезде, Айзенштайнды тұтқындауға келген түрме бастығы Франк шатасып оны түрмеге алып кетеді.
ІІ акт
Князь Орловскийдің кең залы қонаққа толы. Қонақжай князь бәрін таң атқанша көңіл көтеруге шақырады. Маскалар мен костюмдер қонақтардың кім екенін жасырып, бәрі бірін-бірі танымай шатасады.
Фальк қызғылт көйлек киген белгісіз бикешке ынтыға қарайды, оның Адель екенінен бейхабар. Айзенштайннің көзі бірден жарқанат кейпіндегі жұмбақ герцогиняға түседі. Ол көпшілік алдында тамаша ән айтып, венгер биі – чардашты билеп, жұртты таңқалдырады.
Орловский өзін баронесса деп таныстырған Адельді маркиз кейпіндегі Генрихпен таныстырады. Әшкере болудан қорыққан қызметші де, қожайын да өздеріне жүктелген рөлді амалсыз ойнайды.
Соңында Генрих өзінің әйелін танымай, жарқанат маскасын киген сұлу ханыммен оңаша қалады. Розалинда өзі тарту еткен қол сағатын «бұлқынған жүрегіңнің қағысын тексеремін» деп айламен қолға түсіреді.
Қонақтар брудершафтта ішімдік ішіп, билеп, таңға дейін мереке жалғасып жатады. Таң ата Генрих пен Франк түрмеге қарай жолға шығады: біреуі жұмысқа, біреуі тұтқындалуға. Генрих Франктен кеше кешкісін Розалинданың күйеуі түрмеге қамалғанын естігенде таңқалады. Айзенштайн мен Франк теңселе басып түрмеге қарай бет алады.
ІІІ акт
Түрме қызметіндегі кезекшінің ішімдікке әуестігі бірден байқалады. Түнгі балдан келген бастығын жуыну бөлмесінде сергітіп алмақ. Келе сала қызғаныштан іші алай-дүлей Генрих түрмеге мұның орнына кімнің отырғанын білгісі келеді.
Дәл осы сәтте адвокат Блинд келеді. Мастығынан айыққан Альфред біреудің қылмысы үшін түрмеде отырғысы келмей, адвокат шақыртқан еді. Қатты ашуланған Генрих адвокаттың мантиясы мен паригін тартып алып, Айзенштайннің орнында отырған Альфредті өзі тергеуге кіріседі. Жауап беріп отырған Альфред оның неге ашулы екенін түсінбей дал болады.
Сол кезде Розалинда келеді. Ашулы Генрихке қолындағы сағатты көрсетіп, кінәсін бетіне басады. Шындықтың беті ашылған соң, Генрихтің кешірім сұраудан басқа амалы қалмайды. Осы кезде Орловскийдің қонақтары келіп, думанды жалғастырмақ болады. Жарқанат бейнесіндегі әйелдің Розалинда екені белгілі болады. Адель болса сол жерде-ақ Фальктің театр труппасына қабылданады.
«Мадам мораль берді сабақ, Месье болды мазақ!» – деп бәрі бір ауыздан қорытынды жасайды.