4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні! - КазНТОБ имени Абая
04.06.2026

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні!

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні!

Мемлекеттік рәміздер — егемендігіміздің еңселі белгісі, ұлттық бірегейлігіміз бен Тәуелсіздігіміздің айнымас символы. Көк байрағымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз әрбір отандасымыздың жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатып, ел бірлігін бекемдей түседі.

Өнер ордасы ретінде біз үшін де бұл күннің орны ерекше. Мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеу, оны мәдениет пен өнер арқылы әлемдік деңгейде ұлықтау — біздің қасиетті борышымыз.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театры барша қазақстандықтарды осынау айтулы мерекемен шын жүректен құттықтайды! Еліміздің аспаны ашық, егемендігіміз мәңгілік болсын! Көк туымыз бейбіт аспанда әрдайым асқақ желбірей берсін!

Барлық жаңалықтар

Байланыс

Сатып алулар және комплаенс

Тіл таңдау