Абай атындағы ҚазҰОБТ-да ҚХР ресми делегациясының құрметіне гала-спектакль өтті - КазНТОБ имени Абая
09.04.2026

Абай атындағы ҚазҰОБТ-да ҚХР ресми делегациясының құрметіне гала-спектакль өтті

Абай атындағы ҚазҰОБТ-да ҚХР ресми делегациясының құрметіне гала-спектакль өтті

7 сәуір Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Қытай Халық Республикасының ресми делегациясына арналған «Япурай» гала-спектаклі ұйымдастырылды.

Іс-шара Алматы қаласына алғаш рет ресми сапармен келген Шанхай мэрі Гун Чжэн бастаған делегацияның келуі аясында өткізілді.

Кештің бағдарламасында театр солистері мен хорының орындауындағы қазақ халық әндері мен ұлттық опералардан үзінділер ұсынылып, соңында мәдени байланыстың нышаны ретінде композитор Си Синхайдың «Хуанхэ өзені туралы кантатасы» шырқалды.

Аталған шара Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуды және халықаралық тәжірибе алмасуды мақсат етеді. Қытайлық композитордың шығармасы екі елдің мәдени үндестігінің көрсеткіші ретінде бағдарламаға енгізілді.

Гала-спектакльге ҚХР ресми делегациясының өкілдері мен Алматы қаласы әкімдігінің басшылығы қатысты.

Барлық жаңалықтар

Байланыс

Сатып алулар және комплаенс

Тіл таңдау