Абай атындағы ҚазҰОБТ хорының әртісі Нұрболат Нұралиев пәтер кілтін алды
Құрметті достар! Сүйінші хабармен бөлісуге қуаныштымыз.
Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мәдениет және өнер қайраткерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
Салтанатты ,іс-шара аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры хорының артисі Нұрболат Лайқұлы Нұрәлиевке жаңа пәтердің кілті табыс етілді. Бұл біздің ұжым үшін үлкен мақтаныш әрі қуанышты оқиға, сондай-ақ мәдениет қызметкерлеріне мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың жарқын көрінісі.
Абай атындағы ҚазҰОБТ ұжымы атынан мәдениет және өнер қайраткерлеріне көрсеткен ерекше ықыласы мен қамқорлығы үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа және Премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваға шын жүректен алғыс айтамыз.
Театр қызметкерлерінің еңбегі жоғары мемлекеттік наградалармен бағалануы біз үшін үлкен мәртебе. Мұндай қолдау ұжымды ұлттық өнерге бұдан былай да қалтқысыз қызмет етуге және еліміздің рухани дамуына үлес қосуға шабыттандырады.
Нұрболат Лайқұлын осынау маңызды қуанышымен құттықтаймыз! Сізге жаңа шығармашылық табыстар, шабыт және бақ-береке тілейміз! Шаңырағыңыз тек шаттық пен махаббатқа толы болсын!

