Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сізге зор денсаулық, баянды бақыт, рухани үйлесім, сарқылмас қуат және Қазақстан халқының игілігі жолындағы жаңа жетістіктер тілейміз!
Сіздің бастамаңызбен өткен жалпыұлттық референдум және жаңартылған Конституцияның қабылдануы Әділетті Қазақстанды құру, мемлекеттілікті нығайту, азаматтық бірлікті және қоғам сенімін арттыру жолындағы аса маңызды қадам болды.
Мәдениетке ұлттық болмыстың және рухани дамудың негізі ретінде ерекше көңіл бөлетініңізге алғысымыз шексіз. Сіз тарихи тамырды сақтау, ұлттық кодты, тілді, дәстүрлер мен мәдени мұраны қастерлеудің маңызын үнемі атап өтесіз. Бүгінде мәдениет- қоғамның ұлттық басымдықтарының біріне айналып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда маңызды рөл атқаруда.
Театр өнерінің дамуы, шығармашылық зиялы қауымға қолдау көрсету және ауқымды мәден жобаларды жүзеге асыру сияқты мәселелерге көңіл бөлетініңіз айрықша қуантады. Бұл өнер қайраткерлерін жаңа шығармашылық ізденістерге және биік мұраттарға қызмет етуге шабыттандырары сөзсіз.
Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан заманауи цифрлық мемлекет ретінде қарқынды дамып келеді: инновациялық технологиялар енгізілуде, білім мен ғылымның мүмкіндіктері кеңеюде, жастардың әлеуетін ашуға жағдай жасалуда. Сонымен қатар қоғамның рухани дамуына, ағартушылыққа және кітап оқу мәдениетіне ерекше мән беріліп, бұл күшті әрі прогрессивті ұлттың берік негізіне айналуда.
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ұжымының Сіздің қолдауыңызды сезінуі – үлкен мәртебе. Бұл өнерге адал қызмет етуге, отандық сахна дәстүрлерін сақтауға және жас ұрпақтың бойында жоғары мәдениет пен ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге қосымша күш береді.
Барлық игі бастамаларыңыз бен стратегиялық мақсаттарыңыз Қазақстан Республикасының өркендеуі, бейбітшілік пен азаматтардың әл-ауқаты жолында табысты жүзеге аса берсін!
Ізгі ниетпен және зор құрметпен,
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының ұжымы