«Коппелия» балеті Ракуль Тәжиеваның 100 жылдығына арналады
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры Л. Делибтің «Коппелия» балетін Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі, еліміздің тарихындағы ең ұлы балериналардың бірі Ракуль Тәжиевна Тәжиеваның 100 жылдық мерейтойына арнайды.
Ракуль Тәжиева кәсіби классикалық хореографиялық білім алған тұңғыш қазақ балеринасы ретінде мәдениет шежіресіне енді. Оның шығармашылығы әлемдік балет дәстүрлері мен ұлттық рухтың тоғысуының символына айналды. Абай атындағы театрда қызмет еткен жылдары ол сахнада ондаған бейнені сомдады, олардың арасында «Коппелия» балетіндегі Сванильда бейнесі ерекше орын алды.
Ракуль Тәжиеваның еңбегі «Еңбек Қызыл Ту» орденімен және жоғары мемлекеттік марапаттармен бағаланды. Сахналық мансабын аяқтағаннан кейін ол өзін педагогикалық қызметке арнап, Алматы хореографиялық училищесінде жас әртістерге тәжірибесін бөлісті.
Алдағы қойылым — қазақстандық балеттің қалыптасу дәуірінің символына айналған ұстаздың рухына тағзым.
24 сәуір 2026 ж.
19.00
Л. Делиб
Ракуль Тәжиеваның 100 жылдығына арналады
Коппелия
2 бөлімді балет
Либретто авторлары: Ш. Нюиттер және А. Сен-Леон
(Э. Т. А. Гофман новеллалары негізінде)
Хореография: М. Петипа және Г. Түткібаева
Қойылым тобы
Қоюшы-дирижёр – Ерболат Ахмедияров, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Гүлжан Түткібаева, ҚР халық әртісі
Суретші – Вячеслав Окунев, Ресей халық суретшісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты
Қатысушылар мен орындаушылар
- Сванильда
Айман Егісбаева - Франц
Рафаэль Уразов - Коппелиус
Әмір Жексенбек - Коппелия, қуыршақ
Ао Ивасаки - Бургомистр
Дәурен Жеңіс - Чардаш
Гүлнәзия Пілтан, Елдар Әбілов - Сванильданың құрбылары
Дина Әуельбек, Ао Ивасаки, Динара Құдабаева, Ақжүніс Төлеген, Нұрай Нұрсафина, Милана Рахимбекова - Францтың достары
Акыл Жуас, Диас Құбашев, Дарын Таирбеков, Данияр Рысқұл - Трактирші
Әзиз Есенбаев -
Вариациялар:
- Таң
Ақбота Бекболатова - Күн
Әдия Манабасова -
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, балеті
- Дирижёр – Мұхтар Қалдаяқов