Мұхтар Қалдаяқов пен Тахауи Рахметов «Құрмет» орденімен марапатталды
Құрметті оқырмандар, бүгін қуанышты жаңалықпен бөліскіміз келеді!
Театрымыздың дирижері Мұхтар Қалдаяқов пен опера солисі Тахауи Рахметов «Құрмет» орденімен марапатталды!
Құрметті әріптестер!
Бұл сіздердің өнер жолындағы көпжылдық қажырлы еңбектеріңізге, еліміздің мәдениетінің дамуына қосқан елеулі үлестеріңізге берілген лайықты баға.
Өнерге деген адалдықтарыңыз, шығармашылық шабыт, көрерменнің ыстық ықыласы сіздерді әрдайым жаңа белестерге жетелей берсін!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз!
Сіздердің жетістіктеріңіз баршамыз үшін ортақ қуаныш, әрі зор мақтаныш!