Зарина Алтынбаеваның әсем сопраносы Анкарадағы айтулы концертте шырқалды - Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры
29.10.2026

Зарина Алтынбаеваның әсем сопраносы Анкарадағы айтулы концертте шырқалды

Зарина Алтынбаеваның әсем сопраносы Анкарадағы айтулы концертте шырқалды

Құрметті көрермендер!

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының опера солисі Зарина Алтынбаева 2026 жылғы 28 қазанда Түркия астанасы Анкара қаласындағы Ankara Arena стадионында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті.

Ауқымды мәдени іс-шара Түркия Республикасының 103 жылдығына және Анкарада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының XIII саммитіне орай ұйымдастырылды.

Зарина Алтынбаева қазақ және еуропалық классика туындыларын Түркияның әйгілі Президенттік симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен орындады. Оркестрді маэстро Джеми’и Чан Делиорман басқарды.

Музыкалық кеш түркі елдерінің бай мәдениетін тоғыстырып, көрермендер мен ресми делегациялардың басын қосты.

Фото: Ayaz Photoart, Ankara.

Заринаны жарқын өнер көрсетуімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар мен шабыт тілейміз!

Құрметті көрермендер, 5 қараша күні сағат 19:00-де Зарина Алтынбаева Дж. Вердидің «Травиата» операсында Виолетта Валери партиясын орындайды.

Қойылым КСРО халық әртісі, көрнекті тенор Әлібек Мұсаұлы Дінішевтің 75 жылдық мерейтойына арналады.

Барлық жаңалықтар

Байланыс

Сатып алулар және комплаенс

Тіл таңдау