Конституциялық реформалар: мемлекеттік жүйені жаңғырту және құқықтық мәдениет
Абай атындағы театрда ұжыммен ақпараттық кездесу өтті. Шара Қазақстанда өткен конституциялық референдумнан кейін іске асырылған негізгі өзгерістер мен реформаларға арналды.
Кездесу барысында мемлекеттік жүйені жаңғырту, Парламент пен жергілікті өзін-өзі басқару рөлін күшейту, Конституциялық Сотты құру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін кеңейту, ашықтық принциптерін дамыту, қоғамдық бақылау және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы сөз болды.
Құқықтық мәдениет, қызметтік әдеп, комплаенс және мемлекеттік мекемелердің қоғам алдындағы жауапкершілігіне ерекше назар аударылды. Мәдениет саласының қоғамдық сананы қалыптастырудағы, заңға деген құрмет пен ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі маңызды рөлі атап өтілді.
Жиын соңында елдің алдағы дамуы әрбір азаматтың кәсібилігіне, жауапкершілігіне және белсенді азаматтық ұстанымына, сондай-ақ тұрақтылық пен бірлікті сақтап, заңды қастерлеуіне тікелей байланысты екені айтылды.
Олжас Нұржанұлы Спанов
Заң секторының меңгерушісі