Алматыда Олжас Сүлейменовтің мерейтойы атап өтілді - КазНТОБ имени Абая
19.05.2026

Алматыда Олжас Сүлейменовтің мерейтойы атап өтілді

Алматыда Олжас Сүлейменовтің мерейтойы атап өтілді

Кеше Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының сахнасында көрнекті жазушы әрі ақын, қоғам қайраткері және дипломат Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты концерт өтті.

Мерекелік кеш қарсаңында Абай атындағы ҚазҰОБТ директоры Айнұр Сайлаубайқызы Көпбасарова театр ұжымы атынан Олжас Омарұлын мерейтойымен құттықтады. Ол ақынның Қазақстанның әдебиеті, мәдениеті мен қоғамдық ой-санасының дамуына қосқан өлшеусіз үлесі үшін зор құрметі мен алғысын білдірді.

Театр фойесінде мерейтой иесінің өмірі мен шығармашылық жолына арналған тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Кеш қонақтары көрнекті автордың өмірбаянындағы маңызды кезеңдермен, архивтік материалдармен және фотосуреттермен танысуға мүмкіндік алды.

Мерекелік кеш елге белгілі әртістерді, музыканттарды, актерлер мен шығармашылық ұжымдарды бір сахнаға тоғыстырды. Бағдарлама аясында Олжас Сүлейменовке арналған туындылар, жыр-шашулар, мұрағаттық бейнематериалдар, сондай-ақ «ULYTAU», «Hassak», «Rise» ұжымдарының, «Қарақат» балалар хорының, Роза Рымбаева, Әлібек Дінішев және басқа да көрнекті өнер қайраткерлерінің қатысуымен жарқын музыкалық және хореографиялық нөмірлер ұсынылды.

Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен бұл кеш ұлы сөз зергеріне көрсетілген құрмет қана емес, Олжас Сүлейменовтің бай мұрасын ұлықтау жолында бірнеше буынның басын қосқан нағыз мәдениет мерекесіне айналды.

Барлық жаңалықтар

Байланыс

Сатып алулар және комплаенс

Тіл таңдау