Балет
Корсар 15 ақпан 2026, 18:00
Сипаттама
Мұрағат
«Корсар» — теңіздегі шытырман оқиғалар әлеміндегі махаббат пен еркіндік туралы жарқын романтикалық балет.
«Корсар» балеті бір жарым ғасырдан астам уақыт бойы әлемдік музыкалық классика қазынасындағы жарқын інжу болып саналады. Адольф Аданның тағы бір әйгілі жауһары — «Жизель» балетімен қатар, ол әлемдік балет репертуарының алтын қорына кіреді. Либреттоның негізінде Байронның аттас поэмасы жатыр. Аданға дейін Байронның поэмасын музыкалық сахнаға басқа композиторлар да шығарған, атап айтқанда, Дж. Верди 1848 жылы осы аттас опера жазған; балеттер де талай рет сахналанған. Осындай атаумен белгілі алғашқы балет қойылымы 1826 жылы Миландағы Ла Скала театрында итальяндық балетмейстер Джованни Гальцеранидің хореографиясында өтті, бірақ бұл балеттердің ешқайсысы бүгінгі күнге дейін сақталмаған.
Балеттің премьерасы 1856 жылғы 23 қаңтарда Париж операсының сахнасында өтті, ал екі жылдан кейін, 1858 жылғы 12 қаңтарда, «Корсар» балетін алғаш рет Петербургте атақты хореограф Жюль-Жозеф Перро қойды. Перроның өзі Сеид-пашаның партиясын орындаса, Мариус Петипа Конрадтың рөлін «үлкен жігермен» сомдап шықты.
XIX ғасырдағы балет спектакльдерінің либреттистері Жюль Анри Вернуа де Сен-Жорж және Жозеф Мазилье корсарлар өмірінен әсерлі көрініс жасады. Спектакль қойылған уақыттан бері хореография өзгеріп, музыкалық нөмірлер қосылды, бірақ сюжет 1856 жылдан бүгінгі күнге дейін өзгеріссіз қалды. XIX ғасырдың дәл ортасында дүниеге келген «Корсар» романтизм эстетикасының жарқын белгісін бойына сіңірген.
Адан XIX ғасыр композиторларының ішіндегі ең шебер мелодистердің бірі болып саналады. Оның «Жизель» және «Корсар» балеттері бүкіл әлемнің ірі балет труппаларының репертуарында құрметті орынға ие. Абай атындағы МАОБТ-да «Корсар» алғаш рет 1993 жылы Новосибирск балетмейстері Владимир Владимировтың қойылымында сахналанды. Онда басты партияларда балеттің жетекші солистері: Құралай Сарқытбаева, Мұрат Түкеев, Дмитрий Сушков, Ұлан Баденов, Серік Турабаев, Ержан Досқараев, Жұмат Қартамысов жарқырай көрінді. Медораның партиясын театрдың прима-балеринасы Гүлжан Түткібаева орындады.
Ал бүгін сіздердің назарларыңызға балеттің заманауи, таңғажайып, әсерлі әрі серпінді жаңа нұсқасы ұсынылады, қоюшы-балетмейстері — Гүлжан Түткібаева. Дирижёр Ерболат Ахмедьяровтың, сценограф Вильям Орландидің, қоюшы-суретші Есенгелді Тұяқовтың, костюмдер бойынша суретші Вячеслав Окуневтің қатысуымен жасалған жаңа спектакль көрермендерге үлкен тарту болмақ. Спектакльде классикалық хореография, заманауи әрі техникалық жағынан күрделі сценография, жарқын костюмдер мен музыка табиғи үйлесім тауып, ерекше әсемдігімен, би өрнегімен және бейнелілігімен көрермен жадында сақталады.
А. Адан
Корсар
екі бөлімді балет
Либреттосын жазған Ж. Сен-Жорж және Ж. Мазилье
Дж. Байронның аттас поэмасы бойынша
Хореографиясы М. Петипа, Г. Түткібаева
ҚазҰОБТ сахнасындағы премьерасы 28.11.2020 ж. өтті
Қойылым тобы:
Қоюшы-дирижёр – Ерболат Ахмедьяров, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы-хореограф – Гүлжан Түткібаева, ҚР халық әртісі
Сценография суретшісі – Вильям Орланди (Италия)
Сценография суретшісінің ассистенті – Есенгелді Тұяқов, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері
Костюмдер бойынша суретші – Вячеслав Окунев, Ресейдің халық суретшісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты
Бейне графика – Ерген Тоқмурзин
Әрекет етуші тұлғалар
- Конрад, корсарлардың жетекшісі
- Исаак Ланкедем, күң саудагері
- Медора
- Гюльнара
- Бирбанто
- Али
- Сеид-паша
- Корсарлар, күңдер, қарауылдар
Оқиға XIX ғасырдың басында Босфор жағалауында орын алады.
Пролог
Дауыл. Кеме апаты.
Желкенді кемедегі үш батыл адам сұрапыл теңізбен күресуде.
Желкенді кеме қирап, суға кетеді…
Бірінші әрекет
Бірінші көрініс
Лагуна
Толқынмен жағаға лақтырылған кеме сынықтарының жанында құтқарылған үш жас жігіт жатыр. Оларды грек қыздары тауып алады. Медора олардың ішінен Конрадты ерекше ұнатып қалады. Конрад кеме апаты туралы, өзі және достары Бирбанто мен Али туралы айтып береді.
Қыздар түрік сарбаздарының жақындап қалғанын хабарлайды. Медора мен Гюльнара корсарларды жасырып қояды, бірақ өздері тұтқынға түседі.
Қыздарды аңдып, жасақты бастап келген күң саудагері Исаак Ланкедем дән риза. Ол офицерге асқан жомарттықпен ақысын төлейді.
Корсарлар дәл сол сәтте грек қыздарына көмектесе алмайды, бірақ оларды құтқаруға ант береді.
Екінші көрініс
Базар
Ланкедем базарға жиналған көпестерге өзінің күңдерін көрсетеді. Құрметті төрде гаремін жаңа сұлулармен толықтырғысы келетін Сеид-паша отырады. Оның назары Гюльнараға түсіп, оны сатып алады.
Күң саудагері Медораны көрсетеді. Оның сұлулығы соншалық, Сеид-паша оны кез келген бағаға сатып алуға дайын. Осы тұста мәртебелі саудагер пайда болады. Медора оның Конрад екенін бірден аңғарады. Қызға ештеңе білдіртпеуін өтініп, «көпес» бұрын-соңды болмаған жоғары баға ұсына бастайды. Сеид-паша таң қалып, бай бейтаныс адамға өзін таныстыруды ұсынады. «Көпес» пен оның нөкерлері сәнді киімдерін тастай салып, аң-таң болған Сеид-паша мен саудагерлердің алдында қарулы корсарлар болып шығады. Олар Медора мен күңдерді ұрлап, Ланкедемді өздерімен бірге алып, теңізге кетеді. Түрік қарауылы енді оларды тоқтата алмайды. Сеид-паша ашу-ызаға булығады.
Үшінші көрініс
Корсарлар үңгірі
Корсарлар көпестерден алынған мол олжаға риза. Құтқарылған сұлулардың құрметіне олар мереке ұйымдастырады. Қыздар ортақ көңілді кешке қосылады. Конрадтың өтінішіне жауап берген Медора онымен және оның досы Алимен би билейді. Корсарлар жетекшілерінің таңдаулысының сұлулығына тамсанады.
Қыздар Медорадан Конрадты оларды үйлеріне жіберуге көндіруін сұрайды. Конрад келіседі, бірақ Бирбанто басқа корсарлармен бірге наразылық білдіреді. Олар қыздарды аралда қалдыруды талап етеді. Арада жанжал басталады. Конрад дегенінен қайтпайды. Медора екеуі қыздарды жағаға шығарып салуға кетеді.
Бирбанто ашуға мінеді. Осы кезде тұтқындағы Ланкедем Бирбантоны шақырып алады. Бостандығының орнына ол Бирбантоға Конрадтан кек алуды ұсынады. Біраз ойланғаннан кейін Бирбанто келіседі, сөйтіп олар Конрадтың шарабына ұйықтататын дәрі қосуды ұйғарады. Корсарлардың жетекшісі ұйықтап қалады.
Оянған Конрад сүйіктісінің жоғалып кеткенін аңғарып, оны тауып, босатуға ант береді.
Екінші әрекет
Төртінші көрініс
Сеид-пашаның гаремі
Сеид-паша Гюльнараның сұлулығына сүйсіне қарап отырады. Ланкедем ұсынған жаңа күңдер оған ұнамайды. Сонда құл саудагері сұлулардан құралған «жанды баққа» Медораны алып келеді. Паша қатты қуанып, оны сатып алады.
Сарайда қажылар кейпінде корсарлар пайда болады. Паша «қажыларды» кешкі намазға шақырады, олардың бірінен Медора Конрадты таниды. Корсарлар паша қарауылдарымен шайқасып, Медораны құтқарады.
Эпилог
Теңіз
Барлық желкенін керіп, асау теңізге қарай жүйткіген еркін кемеде Конрад, Медора және олардың достары бар…

Қатысушылар мен орындаушылар
(15 ақпан 2026, 18:00)
- Медора Алия Манабасова
- Гюльнара Динара Есентаева
- Конрад, предводитель корсаров Нельсон Пенья
- Али Данияр Рыскул (первое исполнение)
- Исаак Ланкедем, работорговец Рафаэль Уразов
- Бирбанто Сырым Аюпов
- Сеид, паша Даурен Женис
- Трио Акбота Бекболатова, Динара Кудабаева, Нурай Нурсафина (первое исполнение)
- Офицер Амир Жексенбек
- Корсары, невольницы, стража – артисты балета
- Симфонический оркестр и балетная труппа Казахского национального театра оперы и балета имени Абая
- Дирижёр Куаныш Исмаилов