Абай атындағы ҚазҰОБТ қызметкерлері Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысты - КазНТОБ имени Абая
24.08.2026

Абай атындағы ҚазҰОБТ қызметкерлері Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысты

Абай атындағы ҚазҰОБТ қызметкерлері Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысты

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстанда алғаш рет Құрылтай депутаттарының сайлауы өтті. Еліміздің барлық өңірінде азаматтар өз таңдауын жасап, дауыс беруге қатысты. Олардың қатарында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының қызметкерлері де болды.
Қазақстан Республикасының Құрылтайы — елдегі заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган. Құрылтай құрамына 145 депутат кіреді. Олар бес жыл мерзімге партиялық тізімдер бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады.
Биылғы сайлаудың маңызы ерекше. Бұл — Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы. Сайлау елдегі жаңа бір палаталы өкілді органды қалыптастырудағы маңызды кезеңдердің бірі болды.

Сайлау күні Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының қызметкерлері өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, дауыс беру учаскелеріне барып, сайлауға қатысты.
Дауыс беруге театрдың түрлі бөлімдерінің өкілдері — әртістер, шығармашылық және әкімшілік қызметкерлер, сахна мамандары, техникалық қызметкерлер және басқа да бөлімдердің жұмысшылары қатысты.
Мәдениет пен өнер саласында еңбек ететін театр ұжымы үшін азаматтық белсенділік қоғамдық өмірдің маңызды бөлігі болып табылады. Әрбір қызметкер өзінің кәсіби еңбегі арқылы отандық мәдениеттің дамуына үлес қоса отырып, еліміздің болашағын қалыптастыратын қоғамның ажырамас бөлігі саналады.

Құрылтай депутаттарының сайлауы 23 тамызда Қазақстан бойынша сайлау учаскелерінде өтті. Сондай-ақ шетелдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері жанынан да дауыс беру мүмкіндігі ұйымдастырылды.

Абай атындағы ҚазҰОБТ қызметкерлерінің сайлауға қатысуы — театр ұжымының тек сахнада өнер көрсетіп, көрерменге мәдени мұра мен өнерді жеткізетін шығармашылық орта ғана емес, сонымен қатар елдің қоғамдық өміріне белсенді араласатын үлкен ұжым екенін көрсетеді.

Барлық жаңалықтар

Байланыс

Сатып алулар және комплаенс

Тіл таңдау